18-бап. Валюталық бақылау органдары, агенттері және субъектілері Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына
1. Қазақстан Республикасында валюталық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, өзге де валюталық бақылау органдары мен агенттері осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.
Уәкілетті банктер, уәкілетті ұйымдар, сондай-ақ клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар валюталық бақылау агенттері болып табылады.
3. Қазақстан Республикасында валюталық бақылау валюталық операцияларды жүзеге асыратын резиденттерге, оның ішінде қаржы ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын бейрезиденттерге (бұдан әрі – валюталық бақылау субъектілері) қатысты жүргізіледі.
Қаржы ұйымдарына қатысты валюталық бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізеді. Өзге тұлғаларға қатысты валюталық бақылауды мемлекеттік кірістер органы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және (немесе) басқа да валюталық бақылау органдары құзыреті шегінде жүргізеді.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқа да валюталық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ валюталық бақылау агенттерінің басқа да валюталық бақылау органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауын үйлестіреді.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы