18-бап. Қызметкерлердің қызмет өткеруге байланысты міндеттері Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы
1. Қызметкерлер:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге;
3) өздеріне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;
4) арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін арнаулы мемлекеттік органдар ішкі қызмет жарғысының талаптарын, сондай-ақ қызмет жəне еңбек тəртібін сақтауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді қабылдауға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;
7) басшылардың заңды бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың өз өкілеттіктері шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;
8) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде қызметті тоқтатқаннан кейін де, ол жөнінде қолхат бере отырып, заңмен белгіленген уақыт ішінде сақтауға;
9) қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын және қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеуге;
10) мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;
11) қызметкердің жеке мүддесі өзінің өкілеттіктерімен ұштасатын немесе оларға қайшы келетін жағдайларда, жазбаша нысанда баянат беруге және тікелей және уәкілетті басшыны дереу хабардар етуге;
12) өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;
13) қызмет мүдделеріне зиян келтіретін жария сөйлеуге жол бермеуге;
14) тікелей басшысына:
шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті;
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені;
егер өздеріне белгілі болса, зайыбының (жұбайының) немесе өзінің жақын туыстарының шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті жəне (немесе) олардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені туралы жазбаша нысанда дереу хабарлауға;
15) қажетті кәсіби және құқықтық білім, дене күші, арнаулы және жауынгерлік дайындық деңгейін сақтап тұруға міндетті.
2. Арнаулы мемлекеттік органдардың алдына қойылған міндеттерге сәйкес қызметкерлерге өз құзыреті шегінде арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге де міндеттер белгіленеді.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесін айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы