17-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті Коллекторлық қызмет туралы Заңы
Ескерту. 17-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Коллекторлық агенттіктердің қызметін мемлекеттік реттеуді және бақылауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган:
1) коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеуге алады және олардың тізілімін жүргізеді;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
3) коллекторлық агенттіктің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) коллекторлық агенттіктің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) борышкердің шағымын қарайды;
5) осы Заңда көзделген жағдайларда, сотқа заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру не тарату туралы талап қою береді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша коллекторлық агенттік есептілігінің тiзбесiн, нысандарын, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзiмдерi мен тәртiбiн айқындайды.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ.
Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы