Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қоғамға қауiптi іс-әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жәбірленушіні жерлеуге, емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтемі, жәрдемақы немесе зейнетақы ретiнде төленген сомаларды, сондай-ақ өкiлдiк етуге жұмсалған шығыстарға қоса, анықтау, алдын ала тергеу iсiн жүргізуге және сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу туралы азаматтық талап қоюлары қаралады.

      2. Қылмыстық iс бойынша берілген азаматтық талап қоюды дәлелдеу осы Кодексте белгiленген қағидалар бойынша жүргiзiледi.

      Егер азаматтық талап қоюға байланысты туындаған құқықтық қатынастар осы Кодексте реттелмеген болса, онда азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормалары осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

      3. Егер, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында азаматтық талап қоймаса немесе оны қойғаннан кейін кері қайтарып алса немесе оны сот қараусыз қалдырса, олар оны азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қоюға құқылы. Талапкердің азаматтық талап қоюды кері қайтарып алу туралы немесе оны қараусыз қалдыру туралы арызын сот осы Кодекске және азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес шешеді.

      4. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қабылданған азаматтық талап қою бойынша шешім қылмыстық сот ісін жүргізу барысында нақ осы талапты нақ осы адамдарға нақ осы негіздер бойынша қою үшін кедергі келтіретін негіз болып табылады.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

166-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің Қылмыстық процесінде қаралатын азаматтық талап-арыздар

166-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің Қылмыстық процесінде қаралатын азаматтық талап-арыздар1 қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғал...

Толық оқу »

Азаматтық талап қою арқылы мүліктік залал мен моральдық зиянды өтеу туралы Адам саудасына қатысты істер бойынша азаматтық талап қою

Азаматтық талап қою арқылы мүліктік залал мен моральдық зиянды өтеу туралы Адам саудасына қатысты істер бойынша азаматтық талап қоюАдам саудасына қатысты істерді қарау кезінде...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 166-бабына түсініктеме. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 166-бабына түсініктеме. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар1. Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлға...

Толық оқу »