16-бап. Заңнамалық актiлердің жобаларын дайындауды жоспарлау Құқықтық актілер туралы Заңы
1. Алып тасталды – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 2. Алып тасталды – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 3. Алып тасталды – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 4. Алып тасталды – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне құқықтық мониторинг нәтижелері негізінде Заң жобалау жұмыстарының жоспарына ұсыныстар жібереді.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын жыл сайынғы негізде бекітеді.
6. Алып тасталды – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспары:
1) әзірленуі алдағы жылы болжанатын, оның деңгейін, нысанын және реттеу нысанасын көрсететін заң жобасының атауын;
2) заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсыну мерзімдерін;
3) заң жобасын әзірлеуге жауапты органдарды, ұйымдарды және лауазымды адамдарды көрсетуді қамтуға тиіс.
8. Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайтын заңнамалық актілердің жобаларын дайындауды жоспарлау тәртібі мен нысандарын Парламент және оның Палаталары Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында белгіленген өз құзыреттеріне сәйкес айқындайды.
9. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын дайындауға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялау тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы