⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты пайдалану Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы Заңы

16-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты пайдалану Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты пайдалану Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы Заңы 

      Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық тіркеу кезінде алынған дактилоскопиялық ақпараты: 

      1) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын растау және (немесе) анықтау; 

      2) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу және бақылау; 

      3) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

      4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін адамдарды дактилоскопиялық ақпарат бойынша адамның жеке басын растау рәсімі арқылы есепке алу және бақылау үшін пайдаланылады. 

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша адамның жеке басын растау рәсімінен дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арнаулы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның жазбаша өтініші бойынша, сондай-ақ осы Заңның 10-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда босатылады. 

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.12.2023 № 50-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  ]

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 40-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы