Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 16-бап. Цифрлық деректер Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

16-бап. Цифрлық деректер Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Цифрлық деректер Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 

      1. Цифрлық нысанда берілген және оны алу тәсіліне және цифрлық ұсыну нысанына қарамастан автоматтандырылған және (немесе) талдамалық жинауға, сақтауға, өңдеуге, пайдалануға, беруге, таратуға немесе алып тастауға жарамды ақпарат цифрлық деректер болып табылады. 

      2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, цифрлық деректер еркін құрылуы, жиналуы, сақталуы, өңделуі, пайдаланылуы және берілуі мүмкін. 

      3. Арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлейтін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін "цифрлық үкімет" операторына (бұдан әрі – оператор) цифрлық деректерге және цифрлық жазбаларға рұқсат береді. 

      4. Мемлекеттік құпияларды, қызметтік немесе құпия ақпаратты, дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты қамтитын цифрлық деректерді басқару Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптар мен ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII ҚРЗ 

 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы