14-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау 3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ Ветеринария туралы Заңы
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау – уәкілетті органның лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерінің жиынтығы.
1-1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық қадағалау осы Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
1-2. Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
1-3. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау:
1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметiн бақылауды және қадағалауды;
2) бюджеттiк бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, бөлудi және оларды сақтауға, тасымалдау (жеткiзу) мен пайдалануға бақылау жасауды және қадағалауды;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;
4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзудi және оларды табыс етудi;
5) ветеринариялық iс-шаралардың ұйымдастырылуын және орындалуын бақылауды және қадағалауды;
6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды және қадағалауды; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтауды;
6-1) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6-2) тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ соларға қатысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, бақылауды және қадағалау жүзеге асырылатын субъектілерге кедергісіз баруды қоса алғанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды орындауын бақылауды және қадағалауды;
6-3) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің қызметін бақылау мен қадағалауды;
6-4) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ұйымдастырылуын және өткізілуін, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін және ондағы ақпараттың жаңартылып отырылуын бақылау мен қадағалауды;
7) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауды көздейдi.
2-1. Алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.
3-1. Алынып тасталды - ҚР 17.04.2009 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
4. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереженi уәкілетті орган әзiрлейді және бекiтедi.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 Заңы.
Осы Заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы