13-бап. Тауарларды Одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі
1. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету Одақтың кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін және оларды кеден органы шығарғанға дейін осы Кодекстің осы тарауында, 14 және 16-тарауларында белгіленген тәртіппен және жағдайларда, ал жекелеген тауарлар санаттарына қатысты - осы Кодекстің 37 - 431-тарауларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тауарларды шығарғаннан кейін кеден органы оларды Одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді тауарлар орналастырылған кедендік рәсімге сәйкес немесе кедендік декларациялауға және (немесе) кедендік рәсімдерге орналастырылмай шығарылуға жататын тауарлардың жекелеген санаттары үшін белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады.
3. Одақтың кедендік шекарасын кесіп өткенге дейін кету орнына келгеннен кейін, Одақтың кедендік аумағынан шығарылатын тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету осы тарауда және осы Кодекстің 15-тарауында, ал тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты - осы Кодекстің 37 - 431-тарауларына белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
2017 жылғы 11 сəуірде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI ҚРЗ-ен Ратификацияланған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы