⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Түркістан қаласының инфрақұрылымы   Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы Заңы

12-бап. Түркістан қаласының инфрақұрылымы   Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  12-бап. Түркістан қаласының инфрақұрылымы   Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы Заңы 

      1. Түркістан қаласының инфрақұрылымы Түркістан қаласының тыныс-тіршілігін және дамуын қамтамасыз етуге, оның тұрғындары мен туристер үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдайларды жасауға және сақтап тұруға бағытталған инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды қамтиды. 

      2. Түркістан қаласының инфрақұрылымын дамыту Түркістан қаласының ерекше мәртебесі ескеріліп реттеледі және тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға, рухани, тарихи-мәдени және туристік саланы сақтап тұруға және дамытуға бағытталған. 

      Түркістан қаласының бас жоспары Түркістан қаласының тарихи-сәулет тірек жоспары және тарих және мәдениет ескерткіштерінің күзет аймақтарының шекаралары ескеріліп әзірленуге тиіс. 

 

      Осы Заң Түркістан қаласының ерекше мәртебесінің құқықтық негіздерін реттейді және оны бірегей мұра ретінде сақтауға, зерделеуге және ілгерілетуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы