Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 119-бап. Процестік әрекеттердiң хаттамалары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

119-бап. Процестік әрекеттердiң хаттамалары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

119-бап. Процестік әрекеттердiң хаттамалары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Қылмыстық процестi жүргізетін адам тiкелей қабылдаған мән-жайларды куәландыратын, осы Кодекстiң қағидаларына сәйкес жасалған тергеу әрекеттерінің хаттамаларында, осы Кодекстің 527-бабында көзделген талаптарға сәйкес жасалған хаттамада қамтылған, сондай-ақ қарап-тексеру, куәландыру, алу, тiнту, ұстап алу, мүлiкке тыйым салуды қолдану, тануға ұсыну, үлгілерді алу, мәйiттi эксгумациялау, айғақтарды сол жерде тексеру, құжаттарды ұсыну, тергеу экспериментi, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін зерттеу, тергеу әрекеті барысында маман жүргізген заттай дәлелдемелерді зерттеу кезінде анықталған, сондай-ақ сот отырысының сот әрекеттерінің барысы мен олардың нәтижелері көрсетілетін хаттамасында қамтылған нақты деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

      2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арызды қабылдау кезінде жасалған хаттамаларда, ұсынылған нәрселер мен құжаттарда, айыбын мойындап келуiнде, тұлғаларға тиесілі олардың құқықтары мен оларға жүктелген мiндеттердi түсiндiруде қамтылған нақты деректер дәлелдемелер ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.

      Ескерту. 119-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

31-бап. Процестік әрекеттер мен шешiмдерге шағым жасау бостандығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

31-бап. Процестік әрекеттер мен шешiмдерге шағым жасау бостандығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот пен қылмыстық қудалау органының әрекетте...

Толық оқу »

213-бап. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, бейнебайланыс режимінде жауап алудың (қашықтықтан жауап алу) ерекшеліктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

213-бап. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, бейнебайланыс режимінде жауап алудың (қашықтықтан жауап алу) ерекшеліктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-п...

Толық оқу »

576-бап. Бейнебайланыс орнату арқылы процестік әрекеттерді жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

576-бап. Бейнебайланыс орнату арқылы процестік әрекеттерді жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау са...

Толық оқу »

213-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің бейнебайланыс режимінде (қашықтан жауап алу) ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып жауап алудың ерекшеліктері

213-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің бейнебайланыс режимінде (қашықтан жауап алу) ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып жауап а...

Толық оқу »