⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын қаржылық қолдау Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

11-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын қаржылық қолдау Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын қаржылық қолдау Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы 

      1. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын қаржылық қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін нысандарда ұсынылады. 

      2. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын қаржылық қолдау: 

      1) екінші деңгейдегі банктердің және басқа да қаржы ұйымдарының қарыздар беруі жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау; 

      2) мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден субсидиялау; 

      3) негізгі қорларды жаңғыртуға және жаңартуға, өндірісті техникалық қайта қаруландыруға, қазіргі заманғы технологиялар мен жабдықты ендіруге, жаңа өндірістерді ұйымдастыруға, жаңа технологияларды сатып алуға бағытталған инвестициялық жобаларды мемлекеттік қаржыландыру; 

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтық және кедендік жеңілдіктерді беру; 

       5) шетелдік берушілермен мәмілелер бойынша шығыстарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен бағамдық айырма бойынша өтеу;  

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік емес қарыздарды тарту үшін мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекеттің кепілгерліктерін беру; 

       7) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы;  

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаржылық қолдаудың өзге де шараларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады. 

 

      Осы Заң қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника айналымының жекелеген мәселелерін реттейді.  

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы