⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Хабарламаны қарау тәртібі Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы

11-бап. Хабарламаны қарау тәртібі Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Хабарламаны қарау тәртібі Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы 

       1. Жергілікті атқарушы орган хабарлама тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бейбіт жиналысты ұйымдастырушыға:  

      1) киіз үйлерді, шатырларды, өзге де құрылысжайларды орнатпай, дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды пайдаланбай пикеттеу, жиналыс, митинг өткізу туралы; 

       2) осы Заңның 14-бабында көзделген негіздер бойынша пикеттеуді, жиналысты, митингіні өткізуден бас тарту туралы; 

      3) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуін, жасыл екпелер мен шағын сәулет нысандарының, өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында пикеттеудің, жиналыстың, митингінің орнын және (немесе) уақытын өзгерту ұсынысы туралы хабарлайды. 

       Хабарламаны қарау мерзімі өткен соң жергілікті атқарушы органның жауабы болмаған жағдайда, ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізеді.  

      ҚР Конституциялық Сотының 20.01.2025 № 61-НҚ нормативтік қаулысымен 1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.  

      2. Жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналысты ұйымдастырушыға қабылданған шешім туралы мынадай тәсілдердің бірімен: 

      1) қолма-қол; 

      2) табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында; 

      3) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат арқылы; 

      4) ұйымдастырушы көрсеткен электрондық поштаның мекенжайы бойынша; 

       5) ұйымдастырушы көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша хабарлайды.  

      Жергілікті атқарушы органның шешімі осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен жіберілген жағдайда, шешім табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен де жіберіледі. 

       3. Бейбіт жиналысты ұйымдастырушы бейбіт жиналыстардың өткізу орнын және (немесе) уақытын өзгерту туралы ұсынысты алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға бейбіт жиналыстардың өткізу орнын және (немесе) уақытын өзгертуге өзінің келісетіні немесе келіспейтіні туралы мынадай нысандардың бірімен:  

      жазбаша (қолма-қол); 

      электрондық нысанда (ұсыныс келіп түскен электрондық поштаның мекенжайына немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат арқылы); 

      ұсыныс келіп түскен ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша хабарлайды. 

      Бейбіт жиналысты ұйымдастырушы бейбіт жиналыстардың өткізу орнын және (немесе) уақытын өзгертуге келіскен жағдайда, жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды өткізуден бас тартуға құқылы емес. 

       Бейбіт жиналысты ұйымдастырушының бейбіт жиналыстардың өткізу орнын және (немесе) уақытын өзгертуге келісетіні туралы жауабы болмаған немесе келіспеген жағдайда, жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды өткізуден бас тарту туралы шешім шығарады.  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы