Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 106-бап. Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

106-бап. Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

106-бап. Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

       1. Құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға, сол сияқты оның қорғаушысы (қорғаушылары) қылмыстық құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуында, тергеп-тексеру мерзімдерін үзуде, қылмыстық істі тоқтатуда, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруда, тінтуді және (немесе) алуды жүргізуде, өзге де әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауда және шешімдерді қабылдауда заңның бұзылуы туралы арызды қабылдаудан бас тартуға шағыммен сотқа жүгінуге құқылы. Шағымды осы баптың тәртібімен қарау кезінде сот осы Кодекске сәйкес қылмыстық істі мәні бойынша шешкен кезде сот қарауының нысанасы болып табылуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешпеуге тиіс.

      2. Сот шағымды қараған кезде істегі бар дәлелдемелерге баға бермей, арыз иесі өз шағымында көрсеткен барлық мән-жайларды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың тексергенін және ескергенін анықтауға тиіс. Бұл ретте сот кінәнің дәлелденгені немесе дәлелденбегені, жиналған дәлелдемелердің жол берілетіндігі немесе жол берілмейтіндігі туралы түйін жасамай, іс бойынша шешім қабылдау үшін материалдық-құқықтық және процестік негіздердің бар екенін не жоқ екенін тексеруге тиіс.

      3. Сот тексеруінің шектері осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасау (әрекетсіздік) және шешімдерді қабылдау кезінде заң нормаларының сақталуын анықтаумен шектеледі.

      4. Шағым келтіру шағым жасалып отырған әрекеттің жүргізілуін және шағым жасалып отырған шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.

      5. Шағым қылмыстық процесті жүргізетін орган тұрған жердегі аудандық сотқа, тұлғаның келіспеген шешіммен танысқан күнінен бастап он бес тәулік ішінде не прокурордың өз атына берілген шағымды қанағаттандырудан бас тартатыны туралы хабарламасы алынғаннан кейін дәл сол мерзімде немесе, егер прокурорға берілген шағымға жауап алынбаған болса, шағым берілгеннен кейін он бес тәулік өткен күннен бастап берілуі мүмкін.

      6. Шағымды тергеу судьясы үш тәулік ішінде сот отырысын өткізбей жеке-дара қарайды. Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы шағымды он тәулік ішінде жабық сот отырысында тиісті тұлғалар мен прокурордың қатысуымен қарайды, олардың келмеуі шағымды қарауға кедергі келтірмейді. Тергеу судьясының өкімі бойынша сот отырысы бейнебайланыс режимінде өткізілуі мүмкін. Сот отырысының барысында хаттама жүргізіледі. Қажет болған кезде тергеу судьясы қосымша материалдарды талап етіп алдырып, тиісті тұлғаларды шақыруға және олардан сұрақ алуға құқылы. Әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасалып отырған лауазымды адамдар соттың сұрау салуы бойынша үш тәулік ішінде мұндай әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға және шешімдерге негіз болған материалдарды сотқа ұсынуға міндетті.

      7. Сот отырысын өткізу кезінде тергеу судьясы қандай шағымның қаралуға жататынын хабарлайды, осыдан кейін, егер арыз иесі сот отырысына қатысып отырған болса, ол шағымды негіздейді, содан соң басқа да келген адамдар тыңдалады, олар сотқа дәлелдемелер беруге құқылы. Шағым жасалған әрекеттердің (әрекетсіздіктің) немесе шешімдердің заңдылығын дәлелдеу ауыртпалығы оларды жасаған немесе қабылдаған тұлғаға жүктеледі.

      8. Тергеу судьясы шағымды қарау нәтижелері бойынша:

      1) заңсыз деп танылған процестік шешімнің күшін жою туралы;

      2) тиісті лауазымды адамның әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз немесе негізсіз деп және оның жол берілген бұзушылықты жою міндетін тану туралы;

      3) прокурорға азаматтың немесе ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерінің жол берілген бұзылуын жою міндетін жүктеу туралы;

      4) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы тиісті қаулы шығарады.

 

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

1-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн айқындайтын заңнама ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

1-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн айқындайтын заңнама ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық со...

Толық оқу »

104-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің шағымдарын қараудың жалпы тәртібі

104-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің шағымдарын қараудың жалпы тәртібі1 шағымды қарауды іс-әрекеттеріне шағым жасалатын анықтаушыға, те...

Толық оқу »

383-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің сот жарыссөздерінің мазмұны мен тәртібі

383-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің сот жарыссөздерінің мазмұны мен тәртібіСот тергеуі аяқталғаннан кейін төрағалық етуші соттың сот ж...

Толық оқу »

345-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің бас сот талқылауының тәртібі

345-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің бас сот талқылауының тәртібіНегізгі сот талқылауы келесі жағдайларда өтеді,соттың қалыпты жұмысын...

Толық оқу »

151-бап. Күзетпен ұстау мерзiмдерi және оларды ұзарту тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

151-бап. Күзетпен ұстау мерзiмдерi және оларды ұзарту тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Осы Кодексте көзделген ерекше жағдайлардан басқа,...

Толық оқу »

104-бап. Шағымдарды қараудың жалпы тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

104-бап. Шағымдарды қараудың жалпы тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Шағымды қарауды өздерінің әрекеттерiне шағым жасалған анықтаушыға, т...

Толық оқу »

50-бап. Мерзiмдi өткiзiп алудың салдары және оны қалпына келтiру тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

50-бап. Мерзiмдi өткiзiп алудың салдары және оны қалпына келтiру тәртiбiҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процеске қатысушылардың мерзi...

Толық оқу »

383-бап. Сот жарыссөзiнiң мазмұны мен тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

383-бап. Сот жарыссөзiнiң мазмұны мен тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот тергеуi аяқталған соң төрағалық етушi соттың сот жарыссөзiне...

Толық оқу »

345-бап. Басты сот талқылауының тәртiптемесі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

345-бап. Басты сот талқылауының тәртiптемесі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Басты сот талқылауы соттың қалыпты жұмысын және процеске қатысушыл...

Толық оқу »

106-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің прокурорларының, қылыштық құдалаудың органдарындағы әрекеттерінің (әрекеттерінде) және шешімдерінде қараудың жүз тәртібі

106-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің прокурорларының, қылыштық құдалаудың органдарындағы әрекеттерінің (әрекеттерінде) және шешімдерінд...

Толық оқу »