10-бап. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әлеуметтік қолдау шаралары Ардагерлер туралы Заңы
1. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу;
2) жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек;
3) егер олар Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғынжайға мұқтаж деп танылса және бұрын тұрғынжайды бiрiншi кезекте алу құқығын пайдаланбаған болса, жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың біржолғы бiрiншi кезекте тұрғынжаймен қамтамасыз етуi;
4) жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн біржолғы бiрiншi кезекте алу;
5) коммуналдық тұрғын үй қорының үйлерiндегi өздерi тұратын тұрғынжайларды Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгiленген тәртiппен меншiкке беру (Ұлы Отан соғысының тұрғынжай берілген ардагері қайтыс болған жағдайда, оны өтеусіз алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді);
6) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда артықшылықпен қызмет көрсету және ауруханаға кезектен тыс жатқызу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бiлiктi медициналық көмек алу;
8) протездермен (тіс протездерінен басқа) және протездік-ортопедиялық бұйымдармен тегін қамтамасыз ету;
9) Ұлы Отан соғысының ардагерлері жұмыс iстеп жүрген кезiнде тіркелген емханаларды зейнеткерлiкке шыққан кезде де пайдалану құқығы;
10) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін бірінші кезекте алу;
11) барлық байланыс қызметiн кезектен тыс пайдалану құқығы;
12) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеңiлдiктi салық салу.
2. Ұлы Отан соғысының қайтыс болған жалғызiлiктi ардагерлерін жерлеуді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері салт-жоралар рәсiмдерiн орындай отырып жүзеге асырады.
3. Отбасы мүшелеріне не Ұлы Отан соғысының қайтыс болған ардагерін жерлеуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
4. Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сай қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.
5. Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаhарманы", Социалистiк Еңбек Ерi атақтарына ие болған, "Отан" орденiмен наградталған Ұлы Отан соғысына қатысушыларға әскери құрмет көрсетіле отырып, тегiн жерлеу және қабiрлерiнiң басына құлпытас орнату құқығы беріледі.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Осы Заң ардагерлерге және осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы