10-бап. Ұлттық ұланды тұрақты орналасқан пункттерінен тыс жерлерде міндеттерді орындауға тарту Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы Заңы
1. Ұлттық ұланның құрамалары мен әскери бөлiмдерiн тұрақты орналасқан пункттерінен тыс жерлерде қоғамдық тәртiптi қорғау жөніндегі мiндеттердi орындауға немесе iшкi iстер органдарына төтенше жағдайдың құқықтық режимін, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету, терроризмге қарсы операцияға және төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға қатысу үшін, сондай-ақ заңсыз қаруланған құралымдарға қарсы күресу, жанжал ауданын оқшаулау және онда бөгеттер қою, аса қауiптi құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, терроризм актілерінің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу және тайталасушы тараптарды ажырату, заңсыз қаруланған құралымдарды қарусыздандыру және жою, жанжал ауданындағы халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына iргелес аудандарда қоғамдық тәртiптiң қорғалуы мен қауiпсiздiктi күшейту жөніндегі iс-шараларды жүргiзу үшiн тарту Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
2. Ұлттық ұланның құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң жеке құрамын тұрақты орналасқан пункттерінен тыс жерлерде осы бапта көрсетiлген, оларға жүктелген мiндеттердi орындауға тартудың ұзақтығы үш айдан аспауға тиiс.
3. Алып тасталды – ҚР 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы