Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Уәкілетті органның құзыреті Жол жүрісі туралы Заңы

10-бап. Уәкілетті органның құзыреті Жол жүрісі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Уәкілетті органның құзыреті Жол жүрісі туралы Заңы 

      Уәкілетті орган:

      1) жол жүрісі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

      2) алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      3) халықты жол жүрісі қауіпсіздігі мәселелері бойынша құқықтық сауаттандыруды және оларға ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

      4) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, емтихан қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын әзірлейді;

      5) жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнаулы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнаулы түсті-графикалық схемалармен боялуға жататын жедел және арнаулы қызметтер тізбесін бекітеді;

      6) жол жүрісі мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады әрі жүзеге асырады;

      6-1) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6-2) мемлекеттік бақылау мақсатында тәуекелдерді бағалау жүйесін және тексеру парақтарын әзірлейді;

      7) алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      8) мемлекеттік органдардың жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      9) алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелерді ұйымдастырады;

      11) алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;      12) алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      13) масаң күйді куәландыруға жіберу, масаң күйді куәландыру және оның нәтижелерін ресімдеу қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;

      14) мүгедектігі бар адамдарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында олардың қажеттіліктерін ескере отырып, жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келіседі;

      14-1) алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      15) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы белгіленген тәртіппен келіседі;

      16) алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;      17) алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      18) жол жүрісін реттейді;

      19) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген міндеттерді орындауы үшін оларға көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша деректерді ұсыну тәртібін және ұсынуды айқындайды;

      21) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      22) біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушыға кандидаттарды, өндірістік оқыту шеберін және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберін аттестаттаудан өткізу тәртібін, кәсіптік бірлестіктердің өз қызметі туралы есептілігінің нысаны мен оны ұсыну мерзімділігін әзірлейді және бекітеді;

      23) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      24) алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 83-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      24-1) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекітеді;

      24-2) жол жүрісі саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

      Жол жүрісі саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялауға бірыңғай ақпараттық кеңістіктегі ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жатады;

      24-3) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      25) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында жол жүрісі жұмыс істеуінің және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен жалпы шарттарын белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы