⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Құқық иеленушiнiң айрықша құқығын бұзу деп танылмайтын iс-әрекеттер Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы Заңы

10-бап. Құқық иеленушiнiң айрықша құқығын бұзу деп танылмайтын iс-әрекеттер Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 10-бап. Құқық иеленушiнiң айрықша құқығын бұзу деп танылмайтын iс-әрекеттер Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы Заңы   

       Мыналар:  

      1) осы Заңның 7-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында аталған iс-әрекеттердi заңсыз көшiрме жасап алынған топологиясы бар интегралдық микросхемаларға немесе осындай интегралдық микросхемалары бар бұйымдарға қатысты жасау, егер осындай пайдалануды жүзеге асырушы тұлға осы интегралдық микросхемалардың немесе осындай интегралдық микросхемалары бар бұйымдардың топологияға айрықша құқықты бұза отырып дайындалғанын және таралып жатқанын бiлмесе және бiлмеуге тиiс болса. Осы тұлға құқық иеленушiден тиiстi хабарлама алғаннан кейiн, осындай топологияға лицензияны еркiн иемдену кезiнде төленуге тиiс болатын мөлшерлес сыйақыны құқық иеленушiге төлеген жағдайда, кез келген iс-әрекеттi қолда бар немесе сол кезге дейiн тапсырыс берiлген өнiмге қатысты жасауға құқылы;  

      2) топологияны пайда табусыз жеке мақсаттарына, сондай-ақ бағалау, талдау, зерттеу немесе оқыту мақсатында пайдалану;  

      3) қорғалатын топологияны оның өзiн бағалау немесе талдау негiзiнде жасалған түпнұсқалық басқа топологияға енгiзу мен осы Заңның 7-бабының 4-тармағында аталған iс-әрекеттердi осындай топологияға қатысты жасау;  

      4) азаматтық айналымға заңды жолмен енгiзiлген қорғалатын топологиясы бар интегралдық микросхеманы тарату;  

      5) осы Заңның 7-бабының 4-тармағында аталған iс-әрекеттердi басқа автор жасаған топологияға тәуелсiз, ұқсас түпнұсқалық топологияға қатысты жасау құқық иеленушiнiң айрықша құқығын бұзу деп танылмайды.  

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы N 217 Заңы. 

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы