1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Дамуға ресми көмек туралы Заңы
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әріптес донор – Қазақстан Республикасымен бірлесе отырып дамуға ресми көмек жобасын іске асыруға қатысатын шет мемлекет, халықаралық ұйым, шетелдік қоғамдық ұйым және (немесе) қор;
2) әріптес ел – Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық жасайтын және дамуға ресми көмек алатын мемлекет;
3) дамуға ресми көмек – әріптес елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның азаматтарының әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасы әріптес елге өтеусіз не жеңілдікті негізде көрсететін көмек;
4) дамуға ресми көмек жобасы – әріптес елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның азаматтарының әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесуге бағытталған және осы Заңда көзделген нысандарда жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені;
5) дамуға ресми көмек саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор) – міндеті Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыруға қатысу болып табылатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын заңды тұлға;
6) дамуға ресми көмек саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
7) сыртқы әріптес – әріптес елдің дамуға ресми көмектің түпкі алушысы болып табылатын мемлекеттік органы немесе басқа да ұйымы;
8) техникалық көмек – әріптес елге білім, дағдылар, ғылыми-техникалық тәжірибе беру, тауарлар беруді жүзеге асыру немесе ұйымдастыру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету;
9) халықаралық грант – әріптес елге ұсынылатын өтеусіз қаржылық және (немесе) техникалық көмек.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 263-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық жасайтын мемлекеттерге дамуға ресми көмек көрсетуге байланысты құқықтық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы