⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Азаматтарды әскери қызметке даярлау Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

9-бап. Азаматтарды әскери қызметке даярлау Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Азаматтарды әскери қызметке даярлау Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы 

      1. Азаматтарды əскери қызметке даярлау – бұл мемлекеттік органдар əскерге шақыру жасына дейінгі жəне əскерге шақыру жасындағы азаматтармен оларды əскери қызмет негіздеріне оқыту мақсатында, сондай-ақ əскери қызмет өткеру үшін əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау жəне қайта даярлау мақсатында əскери міндеттілермен жүргізетін міндетті іс-шаралар кешені. 

      2. Азаматтарды әскери қызметке даярлау: 

      1) бастапқы әскери даярлықты; 

      2) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлықты; 

      3) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауды; 

      4) запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықты қамтиды. 

      3. Азаматтарды әскери қызметке даярлауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. 

      4. Ұйымдардың басшылары әскерге шақыру жасына дейінгілердің және әскерге шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. 

      5. Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы. 

           Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы