⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің құзыреті Жайылымдар туралы Заңы

9-бап. Ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің құзыреті Жайылымдар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің құзыреті Жайылымдар туралы Заңы 

      1. Ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыретіне: 

      1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп әзірлеу, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу; 

      2) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына оны іске асыру барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну; 

      3) жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемаларын әзірлеу және бекіту; 

      4) жайылым пайдаланушылар арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыру; 

      4-1) жайылым пайдаланушылар бірлестіктерін (жай серіктестіктерді, консорциумдарды) құруға жәрдемдесу; 

      4-2) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды іске асыру; 

      4-3) жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру; 

      4-4) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру; 

      4-5) облыстың жергiлiктi атқарушы органына бiр ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жайылымдарды, оның iшiнде шалғайдағы жайылымдарды басқа ауданға (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қалаға пайдалану үшін беру туралы ұсыныс енгiзу; 

      4-6) бір аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы жайылымдарды басқа аудандық маңызы бар қалаға, кентке, ауылға, ауылдық округке пайдалану үшін беру; 

      5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 

      2. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері: 

      1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз етеді және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оны іске асыру барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады; 

      2) жайылым пайдаланушылар арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асырады; 

      3) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларының сақталуын жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп қамтамасыз етеді; 

      4) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды өздерінің интернет-ресурстарына орналастырады; 

      5) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру барысы туралы жыл сайынғы есептерді тиісті аумақтарда таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды; 

      6) облыстың жергілікті атқарушы органына тапталған және тозған жайылымдар туралы ақпарат береді; 

      6-1) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды іске асырады; 

      6-2) жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асырады; 

      6-3) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асырады; 

      6-4) ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына бiр аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтiң аумағындағы жайылымдарды басқа аудандық маңызы бар қалаға, кентке, ауылға, ауылдық округке пайдалану үшін беру туралы ұсыныстар енгiзеді; 

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздерінің қарауына жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді. 

      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.02.2024 № 65-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 20 ақпандағы № 47-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң жайылымдарды ұтымды пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және жайылымдардың тозу процестерін болғызбауға, жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін жақсартуға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы