⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Кеңес отырыстары Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы

8-бап. Кеңес отырыстары Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Кеңес отырыстары Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы 

      1. Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі отырысқа қатысқан кезде Кеңес отырысы шешімдер қабылдауға құқықты. 

      2. Кеңес отырыстары ашық және жариялы түрде өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Жұртшылық өкілдері және аккредиттелген журналистер Кеңес отырыстарына қатысуға құқылы. Қажет болған жағдайларда, Кеңес жабық отырыстар өткізуге құқылы, оларды өткізу туралы шешімдер Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. 

      Кеңестің жабық отырыстары, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, судьяларды лауазымнан босату туралы, судьялардың, сот алқалары төрағаларының және соттар төрағаларының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурс қорытындыларын шығару туралы мәселелерді қараған кезде, оның ішінде кандидатураларды талқылаған және олар бойынша шешімдер қабылдаған кезде өткізілмейді. 

      3. Кеңес отырысына қатысып отырған жұртшылық өкілдері және аккредиттелген журналистер Кеңес отырысының барысына кедергі келтірмей, фото-, бейнетүсірілім мен аудиожазба жүргізуге құқылы. 

      Егер өзіне қатысты материалдар Кеңес отырысында қаралуға жататын отырысқа қатысушыдан тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, фото-, бейнетүсірілім мен аудиожазба жүргізілмейді. 

      4. Кеңес материалдарды келіп түскен күнінен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей қарап, қарау қорытындылары туралы өтініш берушіні міндетті түрде хабардар етеді. 

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы