7-бап. Пошта операторларының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы Пошта туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының аумағында пошта қызметін жүзеге асыратын пошта операторлары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес пошта байланысы желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға барлық пошта байланысы желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерін, пошта операторы көрсететін қызметтерді пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларды жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
Уәкілетті орган ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу мақсаттары үшін пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын айқындайды.
Пошта операторлары пошта желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізуді, дербес деректер туралы ақпарат жинауды және сақтауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен жабдықты орнатуға міндетті. Дербес деректер туралы ақпаратты сақтау мерзімі пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында айқындалады.
2. Пошта операторларының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара қарым-қатынастары "Жедел-iздестiру қызметi туралы", "Қарсы барлау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Заңмен реттеледі.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2016 № 36-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді және қоғамдық қатынастарды реттейді, пошта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, пошта саласындағы мемлекеттiк органдардың құзыретiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы