6-бап. Ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіп-қатерлер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңы
1. Ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіп-қатерлер:
1) ұлттық мүдделердің қорғалу дәрежесінің төмендеуiне ықпал ететiн заңдылық пен құқықтық тәртiп деңгейінің төмендеуі, оның iшiнде қылмыстың, оның ұйымдасқан нысандарын қоса алғанда өсуi, мемлекеттiк органдардың қылмыстық құрылымдармен, террористік немесе экстремистік ұйымдармен кірігуі, лауазымды адамдардың капиталдың заңсыз айналымына қолдау жасауы, сыбайлас жемқорлық, қарудың және есiрткi заттарының заңсыз айналымы;
2) демографиялық ахуалдың және халық денсаулығының нашарлауы, оның iшiнде бала туудың күрт төмендеуi, өлiм-жiтiмнiң көбеюі;
3) бақылаусыз көшi-қон процестері;
4) елдiң денсаулық сақтау, бiлiм және зияткерлік әлеуетi деңгейі мен сапасының төмендеуі;
5) Қазақстан Республикасы халқының мәдени және рухани мұрасынан айырылуы;
6) ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстардан, жаппай тәртiпсiздiктерден көрінетін әлеуметтік және саяси жағдайдың ушығуы;
7) конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекет, оның iшiнде Қазақстан Республикасының бiртұтастығына, аумағының тұтастығына, қол сұғылмаушылығына, бөлiнбестiгiне, күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін iс-әрекеттер;
8) кез келген нысандардағы және көріністердегі терроризм, экстремизм мен сепаратизм;
9) шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерінің, өзге де шетелдік ұйымдардың және жекелеген адамдардың ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған барлау-нұқсан келтіру әрекеті;
10) мемлекеттiк органдардың қызметiне iрiткi салу, олардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн бұзу, елде басқару деңгейінің төмендеуі;
11) стратегиялық ресурстарды ел мүдделерiне кереғар пайдалануды қоса алғанда, мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру, инновациялық дамуға және инвестициялық белсендiлiктiң артуына кедергi жасау, капитал мен тауарларды елден тысқары жерлерге бақылаусыз әкету, көлеңкелі экономиканың өсуі;
12) қаржы жүйесі орнықтылығының төмендеуі;
13) өндiрістің қысқаруы, өнімдер мен тауарлар сапасының, бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң, экспорттық, транзиттік әлеуетінің және қолжетiмдiлiгiнiң төмендеуi, Қазақстан Республикасында өндiрiлмейтiн өнімдер мен тауарларды басқа мемлекеттерден әкелудің қысқаруы;
14) елдiң қорғаныс қабiлетi деңгейінiң төмендеуi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының қол сұғылмаушылығына және Қазақстан Республикасына қатысты күш қолдану қауiп-қатері төнуі, оған қарсы агрессия;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген әскерилендiрiлген құралымдар құру;
16) елдің ақпараттық кеңістігінің, сондай-ақ ұлттық ақпараттық ресурстардың рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғалу деңгейінің төмендеуі;
17) ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіре отырып, ақпаратты әдейі бұрмалаумен және дәйексіз ақпаратты таратумен байланысты қоғамдық және жеке санаға ақпараттық ықпал ету;
18) экологиялық жағдайдың, оның ішінде ауыз су сапасының күрт нашарлауы, дүлей зілзалалар мен табиғи және техногендiк сипаттағы өзге де төтенше жағдайлар, эпидемиялар мен эпизоотиялар;
19) халықаралық деңгейде Қазақстанның ұлттық мүдделеріне, саяси беделіне және экономикалық рейтингіне нұқсан келтіру;
20) егер жиналыстардың, митингілердің, шерулердің, пикеттер мен демонстрациялардың, сондай-ақ оларға қатысуға шақырудың мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк, дiни төзімсіздікті, тектiк-топтық астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің басқа да ережелерін бұзу болып табылса не оларды өткізу қоғамдық тәртіпке және азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндірсе, шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған (келіп түскен) ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрация- лар ұйымдастыру мен өткізуге, сондай-ақ оларға қатысуға шақыруға пайдалану;
21) биологиялық тәуекелдердің жоғары деңгейі және биологиялық қатерлердің туындауы болып табылады.
2. Ұлттық қауiпсiздiкке қауiп-қатерлер Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнің құжаттарымен толықтырылуы және нақтылануы мүмкiн.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мазмұны мен қағидаттарын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiн, мақсаттары мен бағыттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы