⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Заңы

6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Заңы 

  Уәкілетті орган:

      1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырады және іске асырады;

      2) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

      3) жастар ұйымдарымен мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      4) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;

      5) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;

      6) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;      7) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      8) "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді;

      9) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;      10) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;      11) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;      11-1) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      12) "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін, оның ақшалай сыйақы мөлшерін және номинацияларын бекітеді;

      12-1) жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      12-2) жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді;

      12-3) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      13) жастардың волонтерлік қызметін дамытуға жәрдемдеседі;

      13-1) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      13-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V ҚРЗ. 

      Осы Заң мемлекеттік жастар саясаты саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы