⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Дамуға ресми көмек туралы Заңы

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Дамуға ресми көмек туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Дамуға ресми көмек туралы Заңы 

    Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;

      2) дамуға ресми көмек саласында халықаралық шарттар жасасады;

      3) операторды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

      4) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 263-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық жасайтын мемлекеттерге дамуға ресми көмек көрсетуге байланысты құқықтық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы