⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесі, оның тұтастығын қамтамасыз ету Құқықтық актілер туралы Заңы

4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесі, оның тұтастығын қамтамасыз ету Құқықтық актілер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесі, оның тұтастығын қамтамасыз ету Құқықтық актілер туралы Заңы 

       1. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесін Қазақстан Республикасының Конституциясы, оған сәйкес келетін заңнамалық актілер, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары құрайды. 

      2. Қазақстан Республикасы заңнамасы жүйесінің тұтастығы: 

       1) нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін сақтау; 

       2) Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Заңда бекітілген нормативтік құқықтық актілер сатысын сақтау; 

      3) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау арқылы қамтамасыз етіледі. 

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялау тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы