⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

4-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы Мемлекеттік мүлік туралы Заңы 

      1. Осы Заң мемлекеттің мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы құқықтары мен міндеттерін айқындайды, мемлекеттің меншік құқығында мемлекетке тиесілі мүлікті иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді қоса алғанда, мүліктік құқықты жүзеге асыру тәртібін, мемлекеттік мүлікке, оның ішінде мүлікті мемлекет меншігіне алу және жекешелендіру кезінде құқықтарға ие болу және тоқтату, сондай-ақ жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың оларды иелену және (немесе) пайдалану тәртібін белгілейді. 

      2. Осы Заң мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін және өзге де мемлекеттік мүлікті басқару тәртібін белгілейді. 

      3. Стратегиялық объектілердің құқықтық режимінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады. 

      3-1. Мемлекеттің пайдаланылмайтын мүлікке билік ету жөніндегі құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері осы Заңда белгіленген өзге де құқықтарды қоспағанда, "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді. 

      4. Бюджет қаражатына және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатына мемлекеттің құқықтарды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен реттеледі. Осы Заңда көзделген мемлекеттік мүлік ұғымы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген ерекшеліктерімен қоса Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде пайдаланылатын мемлекет активтері ұғымына қолданылады. 

      Мемлекеттік немесе жергілікті қазынаға жатқызылған өзге де мүлікке мемлекеттің құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді. 

      5. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне, мәдени құндылықтарға мемлекеттің құқықтарды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттеледі. 

      6. Зияткерлік меншік объектілеріне мемлекеттің ерекше құқықтарды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттеледі. 

      7. Осы Заңның ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдингтер бақылайтын өзге де заңды тұлғалар туралы ережелері, егер "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, Ұлттық әл-ауқат қорына және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына және оның бақылауындағы өзге де заңды тұлғаларға қолданылады. 

  7-1. Егер "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, осы Заңның ережелері дербес білім беру ұйымдарына қолданылады.

      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған заңды тұлғалардың мүлкін басқаруды, сондай-ақ олардың қызметін реттеуді Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады. 

      8-1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өз балансында тұрған, өзіне бекітіліп берілген мүлікке Қазақстан Республикасының атынан иелік ету, оны пайдалану және билік ету құқықтарын дербес жүзеге асырады, өзіне бекітіліп берілген мүлікке қатысты жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді қабылдайды. 

      9. Егер "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілерінде заңды тұлғалардың қатысушылары (акционерлері) арасында өзге тәртіп орнату мүмкіндігі көзделмесе, осы Заңның акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысты қолданылатын ережелері мемлекет "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы, салымшысы, акционері, мүшесі) ретінде әрекет ететін жағдайларға, оның ішінде мемлекеттің акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) мүліктік құқықтарды сатып алуы бөлігінде қолданылады. 

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы. 

      Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы