⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 2-бап. Әскери полиция органдарының мәртебесі Әскери полиция органдары туралы Заңы

2-бап. Әскери полиция органдарының мәртебесі Әскери полиция органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2-бап. Әскери полиция органдарының мәртебесі Әскери полиция органдары туралы Заңы 

      1. Қарулы Күштердің әскери полиция органдары Қарулы Күштердің арнаулы әскерлерінің құрамына кіретін әскери бөлімше болып табылады. 

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамындағы әскери құралым болып табылады. 

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдары (бұдан әрі – Ұлттық ұланның әскери полиция органдары) Ұлттық ұланның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 

      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (бұдан әрі – Қорғаныс министрі), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі – Ішкі істер министрі), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісінше Қарулы Күштердің әскери полиция органдарының, Ұлттық ұлан әскери полиция органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция органдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады, олардың құрылымы мен штат санын бекітеді, нормативтік құқықтық актілерді және ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар өткізу туралы шешімдер қабылдайды. 

 

      Осы Заң әскери полиция органдарының қызметімен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы