⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-бап. Сот талқылауының жариялылығы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

19-бап. Сот талқылауының жариялылығы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Сот талқылауының жариялылығы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 

      1. Азаматтық істерді талқылау барлық сот сатыларында ашық жүргізіледі. Сот актілері жария түрде хабарланады.

      2. Жабық сот отырысында мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтері бар шешімді жариялауды қоса алғанда, істерді, сондай-ақ бала асырап алу туралы істерді қарау және шешу заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      Егер жеке өмірге қолсұғылмаушылықты, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауды қамтамасыз ету қажет болса не ашық талқылауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар болса, сондай-ақ осы Кодекстің 188-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайда іске қатысатын адамның өтінішхаты бойынша немесе соттың бастамасы бойынша жабық сот отырысында азаматтық іс қаралуы және шешілуі мүмкін.

      3. Жеке хат жазысу және өзге де жеке хабарлар өзара хат жазысқан және осы жеке хабарлар өздеріне қатысты адамдардың келісімімен ғана ашық сот отырысында жария етілуі мүмкін. Мұндай келісім болмаған жағдайда хат жазысу мен хабарлар жабық сот отырысында жария етіледі және зерттеледі.

      Көрсетілген қағидалар жеке сипаттағы мәліметтер бар аудио-, бейнежазбаларды, фотоға және киноға түсіру материалдары мен электрондық, цифрлық және өзге де материалдық жеткізгіштердегі басқа да материалдарды зерттеу кезінде де қолданылады.

      4. Істі жабық сот отырысында талқылау кезінде іске қатысатын адамдар, олардың өкілдері, ал қажет болған жағдайларда куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар да қатысады, оларға сот осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді жария еткені үшін жауаптылық туралы ескертеді.

      5. Он алты жасқа толмаған азаматтар, егер олар іске қатысатын адамдар немесе куәлар болып табылмаса, сот отырысы залына жіберілмейді.

      6. Істі жабық сот отырысында талқылау осы Кодексте белгіленген барлық қағидалар сақтала отырып жүргізіледі.

      7. Іске қатысатын адамдардың және басқа да адамдардың, оның ішінде ашық сот отырысына қатысып отырған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот отырысының барысы бойынша жазбалар жасауға, оны залда отырған орындарынан аудиожазу құралдарының және цифрлық жеткізгіштердің көмегімен жазып алуға құқығы бар. Сот талқылауы залында киноға және фотоға түсіруге, бейнежазба жасауға, тікелей радио- және телетрансляция жүргізуге, Интернеттің ақпараттық-коммуникациялық желісінде бейнетрансляция жүргізуге соттың рұқсатымен және іске қатысатын адамдардың пікірі ескеріле отырып жол беріледі. Бұл туралы сот отырысының хаттамасына енгізілетін сот ұйғарымында көрсетіледі. Бұл әрекеттер сот отырысының қалыпты өтуіне кедергі келтірмеуге тиіс және сот оларды уақыт жағынан шектеуі мүмкін.

      8. Сот талқылауының барлық немесе бір бөлігіне қатысты істі жабық сот отырысында талқылау туралы сот ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

      9. Заңды күшіне енген сот актілері соттың интернет-ресурсында жарияланады және осы баптың екінші бөлігінде және өзге де заңдарда белгіленген шектеулер ескеріле отырып, жария түрде талқылануы мүмкін.

      10. Соттың іс жүргізуіндегі азаматтық істер бойынша сотқа келіп түскен өтініштер туралы ақпарат жария етілуге және осы ақпаратты соттың ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы процеске қатысушылардың назарына жеткізілуге тиіс.

      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

Комментарий к статье 29. Ответственность соучастников преступления УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 29. Ответственность соучастников преступленияУК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Уголовная ответственность соучастников определяется характ...

Толық оқу »

54-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердің жариялылығы Құқықтық актілер туралы Заңы

54-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердің жариялылығыҚұқықтық актілер туралы Заңы      Барлық уәкiлеттi органдар, мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын құпияны қамтиты...

Толық оқу »

8-бап. Франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк реттеу кезiндегi жариялылық Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Заңы

8-бап. Франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк реттеу кезiндегi жариялылық Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Заңы       1. Франчайзингтiк қатынастар субъектi...

Толық оқу »

5-бап. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерiн берудiң жариялылығы Жеке тұрғын үй құрылысы туралы Заңы

5-бап. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерiн берудiң жариялылығы Жеке тұрғын үй құрылысы туралы Заңы       Әрбiр азамат республикалық маңызы бар қаланың, астанан...

Толық оқу »

Комментарии к статье 19. Гласность судебного разбирательства Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарии к статье 19. Гласность судебного разбирательства Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан Разбирательство гражданских дел во всех судебных инст...

Толық оқу »

181-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылаудың жариялылығы Қазақстан Республикасының Экология кодексі

181-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылаудың жариялылығы Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері...

Толық оқу »

95-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы Қазақстан Республикасының Экология кодексі

95-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы және жұртшылықтың қор...

Толық оқу »

48-бап. Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдердің жариялылығы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

48-бап. Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдердің жариялылығы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер...

Толық оқу »

21-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргiзудiң жариялылығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

21-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргiзудiң жариялылығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі       1. Сот, әкiмшiлiк құ...

Толық оқу »

Комментарий к статье 21. Гласность производства по делам об административных правонарушениях Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях

Комментарий к статье 21. Гласность производства по делам об административных правонарушениях Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях        1. Суд, о...

Толық оқу »

78-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың жариялылығы мен ашықтығы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

78-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың жариялылығы мен ашықтығы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Бірыңғай республи...

Толық оқу »

278-бап. Мемлекеттiк органдардың инвесторларға қатысты қызметiнiң жариялылығы және инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға байланысты ақпаратқа инвесторлардың қол жеткiзуiн қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

278-бап. Мемлекеттiк органдардың инвесторларға қатысты қызметiнiң жариялылығы және инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға байланысты ақпаратқа инвесторлардың қол жеткiзуiн қам...

Толық оқу »