19-бап. Қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңы
1. Қоғамдық қауiпсiздiк мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың:
1) азаматтардың жеке қауiпсiздiгiн, олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету кепiлдiктерiн нығайтуға;
2) қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық және конфессияаралық келісімге негiзделген мемлекеттік идеологияны қалыптастыруға;
3) Қазақстан халқының бiрлiгiн және қоғамда тағаттылықты нығайтуға;
4) халықтың табиғи өсiмiн сақтап тұруға және дағдарысты демографиялық процестерге қарсы іс-қимыл жасау жөнiнде уақтылы шаралар қолдануды қамтамасыз етуге;
5) қылмысқа, оның iшiнде оның ұйымдасқан нысандарына, сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге және экстремизмге қарсы күрестi күшейтуге;
6) жұмыссыздықтың өсуiн және халықтың тұрмыс деңгейiнiң төмендеуiн тежеуге;
7) психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудың, сондай-ақ халықтың денсаулығы мен имандылығына, Қазақстан халқының гендік қорына қатер төндiретiн басқа да әлеуметтiк факторлардың алдын алуға;
8) елдiң зияткерлік әлеуетiнiң төмендеуiне жол бермеуге;
9) қазақстандық қоғамның тарихи, дәстүрлі, рухани және мәдени құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етуге;
10) заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға;
11) биологиялық тәуекелдерді бағалауға және биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактикаға бағытталған шешiмдерімен және iс-қимылдарымен қамтамасыз етiледi.
2. Мыналарға:
1) Қазақстан халқының бiрлiгiн бұзуға және этносаралық және конфессияаралық қатынастардың жай-күйiн нашарлатуға;
2) қоғамдық келісімді бұзуға;
3) қоғамдық және діни бірлестіктердің мемлекет iстерiне және мемлекеттiң қоғамдық және діни бірлестіктердің істеріне заңсыз араласуына;
4) қылмыстың және құқық бұзушылықтың өсуiне;
5) білім беру және медициналық қамтамасыз ету деңгейі мен сапасының төмендеуіне;
6) тарихи-мәдени мұра объектілерінің жойылуына;
7) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын негізсіз шектеуге;
8) биологиялық тәуекелдердің деңгейін арттыруға не Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігіне төнетін қатерлердің туындауына алып келуге көрiнеу ықпал ететiн шешiмдер қабылдау мен іс-қимылдар жасауға жол берiлмейдi.
3. Қоғамның саламаттылығына нақты қауіп-қатер туғызатын аса қауіпті және карантиндік инфекциялық аурулары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген және қоғам саламаттылығына қауіп-қатер туғызатын инфекциялық аурулары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ел шегінен шығарып жіберілуге жатады.
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мазмұны мен қағидаттарын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiн, мақсаттары мен бағыттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы