19-бап. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілердің құрамы. Әскери атақтар Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы
1. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілер:
1) қатардағы;
2) сержанттық;
3) офицерлік құрамға бөлінеді.
2. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда мынадай әскери атақтар белгiленедi:
әскери | корабльдік |
1) қатардағы құрам | |
қатардағы жауынгер | матрос |
ефрейтор | аға матрос |
2) сержанттық құрам | |
кіші сержанттар құрамы | |
кiшi сержант | екiншi сатылы старшина |
сержант | бiрiншi сатылы старшина |
аға сержант | бас старшина |
аға сержанттар құрамы | |
үшiншi сыныпты сержант | үшiншi сыныпты старшина |
екiншi сыныпты сержант | екiнші сыныпты старшина |
бiрiншi сыныпты сержант | бiрiншi сыныпты старшина |
жоғары сержанттар құрамы | |
штаб-сержант | штаб-старшина |
шебер-сержант | шебер-старшина |
3) офицерлер құрамы | |
кiшi офицерлер құрамы | |
лейтенант | лейтенант |
аға лейтенант | аға лейтенант |
капитан | капитан-лейтенант |
аға офицерлер құрамы | |
майор | үшiншi дәрежелi капитан |
подполковник | екiншi дәрежелi капитан |
полковник | бiрiншi дәрежелi капитан |
жоғары офицерлер құрамы | |
генерал-майор | контр-адмирал |
генерал-лейтенант | вице-адмирал |
генерал-полковник | адмирал |
армия генералы |
|
3. Медициналық немесе заңгер мамандығы бар офицерлер үшiн әскери атақтарының алдына тиiсiнше "медицина қызметiнiң", "әдiлет" деген сөздер қосылады.
4. Авиацияның жоғары офицерлер құрамы үшiн (инженерлiк-авиациялық даярлығы бар ұшқыштық инженерлiк) әскери атақтарының алдына тиісінше "авиация" деген сөз қосылады.
5. Запаста тұратын азаматтардың әскери атақтарының алдына тиісінше "запастағы" деген сөз, ал отставкадағыларға "отставкадағы" деген сөз қосылады.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы