⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 18-бап. Толық серiктестiкке қатысушы үлесiнiң (үлесiнiң бiр бөлiгiнiң) ауысуы Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

18-бап. Толық серiктестiкке қатысушы үлесiнiң (үлесiнiң бiр бөлiгiнiң) ауысуы Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

18-бап. Толық серiктестiкке қатысушы үлесiнiң (үлесiнiң бiр бөлiгiнiң) ауысуы Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы  

       1. Толық серiктестiкке қатысушы өз үлесiн (үлесiнiң бiр бөлiгiн) қалған барлық қатысушылардың келiсуiмен ғана серiктестiктiң басқа қатысушыларына немесе үшiншi тұлғаға беруi мүмкiн.  

       2. Үлес серiктестiктiң басқа қатысушысына немесе үшiншi тұлғаға берiлген жағдайда толық серiктестiктен шыққан қатысушыға тиесiлi құқықтар мен мiндеттердiң бүкiл жиынтығы да ауысады.  

       3. Серiктестiкке қатысушы қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жарияланған ретте, құқығын иеленушi (мұрагерi) барлық қатысушылардың келiсуiмен серiктестiкке кiре алады.  

       4. Құқығын иеленушi (мұрагерi) толық серiктестiкке кiруден бас тартқан немесе серiктестiк құқығын иеленушiнi (мұрагердi) қабылдаудан бас тартқан жағдайда, оған серiктестiк мүлкiндегi құқығын иеленушi ретiнде тиесiлi үлесiнiң қатысушы қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған күнге анықталған құны осы Заңның 17-бабында белгiленген тәртiп бойынша төленедi.  

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы