Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 174-бап. Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

174-бап. Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

174-бап. Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 

      1. Пробациялық бақылаудағы, шартты түрде сотталған адамды есепке қойған кезде пробация қызметі: 

      1) денсаулық жағдайын, оның бiлiм деңгейiн, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерiнiң бар-жоғын анықтай отырып, сотталған адамның жеке басын зерделеуді жүргізеді; 

      2) әлеуметтiк-құқықтық көмек алу, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртiбiн түсiндiредi, сондай-ақ тiркелу үшiн пробация қызметiне келу күндерiн белгiлейдi; 

      3) сот жүктеген мiндеттердi орындау, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылыққа тарту тәртiбiн түсiндiредi; 

      2. Алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

      3. Шартты түрде сотталған адам өзіне әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы. 

      Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар шартты түрде сотталған адамға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді. 

      4. Шартты түрде сотталған адамдар пробация қызметiнiң алдында өзiнiң мінез-құлқы туралы есеп беруге, сот жүктеген мiндеттердi орындауға, тiркелу үшiн, сондай-ақ шақыру бойынша пробация қызметіне айына екi рет (ауылдық жерде тұратындар бір рет) келіп тұруға мiндеттi. Дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда, шартты түрде сотталған адамға күштеп әкелу қолданылады. 

      5. Тиісінше пробациялық бақылауды қамтамасыз ету және сотталған адамдардың тұратын жерi туралы ақпарат алу үшiн пробация қызметi тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы. 

      6. Шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда, пробация қызметi оның тұратын жерi мен жалтару себептерiн анықтау бойынша бастапқы iс-шараларды жүргiзедi. Оның тұратын жері анықталмаған жағдайда, пробация қызметі сотқа оған іздестiру жариялау және бұлтартпау шараларын таңдау туралы ұсыну енгізеді. 

      Ескерту. 174-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

 

    Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)   Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

Бас бостандығын шектеу жаза ретінде бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жұмсақ шара болып табылады және сотталған адамды қоғамнан оқшауламай түзетуге бағытталған

Бас бостандығын шектеу жаза ретінде бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жұмсақ шара болып табылады және сотталған адамды қоғамнан оқшауламай түзетуге бағытталғанБостандық...

Толық оқу »

Комментарий к статье 45. Ограничение свободы УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 45. Ограничение свободыУК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Ограничение свободы состоит в наложении на осужденного судом определенных обязан...

Толық оқу »

20-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

20-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі       1. Пробация қызметі:      ...

Толық оқу »

21-бап. Пробациялық бақылау шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

21-бап. Пробациялық бақылау шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі       1. Өзіне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адам:       1) соттың үкімі не...

Толық оқу »

23-бап. Пробациялық бақылау шарттарын сақтамау салдарлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

23-бап. Пробациялық бақылау шарттарын сақтамау салдарлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі       Адам пробациялық бақылау шарттарын сақтамаған жағдайда, про...

Толық оқу »

19-бап. Кәмелетке толмаған адамға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру Пробация туралы Заңы

19-бап. Кәмелетке толмаған адамға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыруПробация туралы Заңы      1. Пробация қызметі:      1) бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотт...

Толық оқу »

175-бап. Пробациялық бақылау мерзiмiн есептеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

175-бап. Пробациялық бақылау мерзiмiн есептеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі       1. Пробациялық бақылау мерзiмi шартты түрде сотталған адамды пробация қ...

Толық оқу »