16-бап. Төлем ұйымын есептік тіркеу Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы
1. Төлем ұйымдарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеу олардың қызметін реттеу мен бақылау мақсатында жүзеге асырылады және төлем ұйымының көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуы кезінде міндетті шарт болып табылады. Төлем ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өтпей жүзеге асыратын көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну бойынша қызметі заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
2. Төлем ұйымы есептік тіркеуден өту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын нысан бойынша, оның ішінде атқарушы орган басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді (дипломның (дипломдардың) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып) қамтитын өтінішті;
1-1) жарғылық капиталдың қалыптастырылғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
2) төлем ұйымы қызметті үлгілік жарғы бойынша жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, жарғыны;
3) төлем ұйымының көрсетілетін төлем қызметтері бойынша ақша аударымын жүзеге асыратын тиісті банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын құжатты;
4) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 5) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 6) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
7) төлем ұйымының басқару органы бекіткен, төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидаларын ұсынады.
Төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидаларының міндетті шарттарының тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді;
8) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 9) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымының есептік тіркеуден өтуге арналған өтінішін осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымы есептік тіркеуден өткен кезінде төлем ұйымына тіркеу нөмірін береді, төлем ұйымдарының тізіліміне жазбаны жүзеге асырады, төлем ұйымына тіркеу нөмірін көрсете отырып, есептік тіркеуден өткені туралы жазбаша нысандағы хабарламаны осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде жібереді.
Есептік тіркеуден бас тартылған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымына бас тарту себептерін көрсете отырып, есептік тіркеуден бас тарту туралы жазбаша нысандағы хабарламаны осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде жібереді.
5. Есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізілімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылады.
6. Төлем ұйымы өзінің тіркеу нөмірін төлем ұйымы туралы ақпаратты ұсыну кезінде көрсетуге міндетті.
7. Төлем ұйымы есептік тіркеу жүргізуіне негіз болған құжаттарға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы осы өзгерістер енгізілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлайды.
8. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жасайтын, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекетте (аумақта) тіркелген заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар төлем ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу үлестерін тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билік ете алмайды.
Төлем ұйымының жарғылық капиталына қатысу үлестерін жанама иелену не жарғылық капиталына қатысу үлестерін иелену (дауыс беру) төлем ұйымына қатысушының заңды тұлғасының шешімдерін басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін (акцияларын) иелену (дауыс беру) арқылы айқындауға мүмкіндік береді.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы