⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-1-бап. Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін жобадан кейінгі талдау Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы Заңы

15-1-бап. Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін жобадан кейінгі талдау Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-1-бап. Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін жобадан кейінгі талдау Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы Заңы

      1. Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін жобадан кейінгі талдау (бұдан әрі – жобадан кейінгі талдау) жаңа ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар салу немесе бұрыннан бар ғимараттарды, құрылыстар мен құрылысжайларды өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобалары бойынша іске асырылған қызметтің сәйкестігін растау мақсатында уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізіледі. 

      2. Жобадан кейінгі талдау тиісті ғимарат, құрылыс және құрылысжай пайдалануға берілгеннен кейін он сегіз ай ішінде жүргізіледі. 

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды дайындалады, онда жаңа ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар салу немесе бұрыннан бар ғимараттарды, құрылыстар мен құрылысжайларды өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобалары бойынша іске асырылған қызметтің сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тұжырым жасалады. 

       4. Жобадан кейінгі талдау қорытындылары бойынша ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда, тиісті ғимараттың, құрылыстың және құрылысжайдың тапсырыс берушісі мен құрылыс салушысына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған мерзім ішінде олардың осындай сәйкессіздікті жоюы үшін қорытынды жіберіледі.

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы