14-бап. Қоғамның өзара сақтандыруды жүзеге асыру тәртiбi Өзара сақтандыру туралы Заңы
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
1. Қоғамның өзара сақтандыруды жүзеге асыру қызметi осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.
2. Қоғам өз мүшелерiнiң мүлiктiк мүдделерiн өзара сақтандыруды сақтандыру шартын жасасу арқылы жүзеге асырады.
3. Өзара сақтандыру жүзеге асырылатын жалпы шарттар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 825-1-бабының талаптарына сәйкес келетін өзара сақтандыру ережесінде айқындалады.
4. Өзара сақтандыру ережесі қоғам мүшелігіне кіруге тілек білдірген адамдарға таныстыру үшін ұсынылуға тиіс.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі N 163 Заңы.
Осы Заң өзара сақтандыруды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және өзара сақтандыру қоғамдары қызметiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы