14-бап. Әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің құқықтық жағдайы және әлеуметтік қамсыздандырылуы Әскери полиция органдары туралы Заңы
1. Әскери полиция органдарының әскери қызметшілері өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде мемлекеттің қорғауында болады және билік өкілдері болып табылады.
2. Әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптары (бұдан әрі – заңды талаптар) барлық азаматтар мен лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті болады.
3. Әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің заңды талаптарын орындамау, оларды қорлау, қарсылық көрсету, күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне, мүлкіне қол сұғу, оларға жүктелген міндеттерді орындауына кедергі келтіретін басқа да әрекеттер жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
4. Әскери полиция органдарының әскери қызметшілеріне заңнамада бекітілген міндеттерді орындау мақсатында олардың жеке басын және өкілеттіктерін растау үшін қызметтік куәліктер мен жетондар беріледі. Қызметтік куәлік пен жетонды беру, пайдалану тәртібін және олардың сипаттамасын уәкілетті органның басшысы айқындайды.
Қызметтік куәлік қаруды, арнаулы құралдарды алып жүру және сақтау құқығын, әскери полиция органдарының әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өзге де өкілеттіктерді растайды.
Қарулы Күштердің әскери полиция органдарының мерзімді қызметтегі әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер мен жетондар берілмейді, олардың әскери полиция органдарына тиесілігі белгіленген үлгідегі нысанды киіммен және айырым белгілерімен расталады.
5. Әскери полиция органдарының әскери қызметшілеріне "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және құрылымына әскери полиция органдары кіретін мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктер, жеңілдіктер, медициналық қамтамасыз ету, зейнетақымен қамсыздандыру және басқа да қамтамасыз ету түрлері қолданылады.
Осы Заң әскери полиция органдарының қызметімен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы