13-бап. Өтінім берушілерге лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптары Ойын бизнесі туралы Заңы
1. Өтінім берушілерге лицензия алу үшін мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болуы;
1-1) казино қызметін жүзеге асыру үшiн үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақүй кешенінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болуы;
1-2) ойын автоматтары залы қызметін жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі казино қызметі жүзеге асырылатын үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақүй кешеніндегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, құрылысжай бөліктерінің) болуы;
2) казино және ойын автоматтары залы қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығындағы ойын жабдығының болуы;
2-1) букмекер кеңсесі мен тотализатордың қызметін жүзеге асыру үшін бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтың болуы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы;
4) ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидаларының болуы;
5) казиноның және ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы;
6) өтiнiм берушiде әрбір лицензияға осы Заңда айқындалатын мiндеттi резервтер түрiнде (республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiшпен) ойын бизнесi саласында мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн:
казино және ойын автоматтары залдарын – 60 000 мөлшерiнде;
букмекерлік кеңселерді – 40 000 мөлшерiнде;
тотализаторларды – 10 000 мөлшерiнде қамтамасыз етудiң болуы.
2. Өтініш беруші Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына әрбір лицензияны алу үшін уәкілетті органға (лицензиарға) өзінің осы Заңда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды табыс етеді.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.05.04 N 157-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.04.2015 № 310-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2020 № 356-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 116-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219 Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы