⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Бағалау қызметінің стандарттары Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы

13-бап. Бағалау қызметінің стандарттары Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Бағалау қызметінің стандарттары Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы 

      1. Бағалау қызметінің стандарттарына бағалау стандарттары және бағалаушылар палатасының стандарттары жатады. 

       2. Реттелуі өзге мемлекеттік органның құзыретіне кіретін саланы қозғайтын бағалау стандарты тиісті саладағы уәкілетті органмен келісілуге жатады.  

      3. Бағалау стандарттары халықаралық бағалау стандарттарының негізінде әзірленеді және Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес келуге тиіс. 

      4. Бағалаушылар палатасы өзінің барлық мүшелерінің орындауы үшін міндетті бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларын бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органмен және өзін-өзі реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеуге және бекітуге құқылы. 

      5. Бағалау стандарттары Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес қабылдануы жүзеге асырылатын стандарттау жөніндегі құжаттарға жатпайды. 

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында бағалау қызметiн жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ бағалау қызметін реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы