125-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың жалпы ережелері Налогового Кодекса Республики Казахстан
1. Осы параграфтың мақсаттары үшін қосылған құн салығының асып кету сомасы деп (бұдан әрі осы параграфтың мақсатында – салық) есепке жатқызылатын салық сомасының есепті салықтық кезеңнің соңында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есепке жазылған салық сомасынан асып кетуi танылады.
2. Салықтың асып кету сомасы мынадай:
1) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді жүзеге асыратын;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын;
3) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардың ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша құрылысына байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын салық төлеушілерге қайтарылуға жатады.
3. Мынадай:
1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар бойынша есепке жатқызылған;
2) салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берілетін пайдалы қазбалар бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (оның ішінде, осындай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызылған;
3) салық төлеуші салықтың қосымша сомасын есепке жатқызған салықтық кезеңдер бойынша қалыптасқан салықтың асып кету сомасы қайтарылуға жатпайды.
4. Салық төлеушінің талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде салық бойынша кезекті салық декларациясында салықтың асып кету сомасын қайтаруды талап етуге (бұдан әрі осы параграфтың мақсатында – қайтару туралы талап) құқығы бар.
5. Салықтың қайтарылуы расталған асып кету сомасын қайтаруға мыналар негіз болып табылады:
1) оңайлатылған тәртіппен салықтың қайтарылуы расталған асып кету сомасы туралы хабарлама;
2) шағым жасау нәтижелері ескерілген салықтық тексеру актісі;
3) салықтық тексеру актісіне қорытынды.
Салық органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін салық төлеуші тұрған жеріндегі салық органына салықтық өтінішті ұсынады.
6. Салық төлеуші салықтық өтінішті ұсынған кезде салық органы салықтың асып кету сомасын қайтаруды жүргізетін мерзім осы Кодекстің 127-бабының 4-тармағында, 128-бабының 5-тармағында және 129-бабының 9-тармағында белгіленген.
Салықтық өтініш осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде ұсынылмаған кезде салықтың асып кету сомасын қайтару салықтық өтініш ұсынылған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
7. Салықтық берешек болған кезде салық органы салықтық өтінішсіз салық төлеушінің, оның ішінде оның құрылымдық бөлімшелерінің орын алған салықтық берешегін өтеу есебіне салықтың асып кету сомасын есепке жатқызуды жүргізеді.
8. Салықтың расталған асып кету сомаларын (салықтық берешек өтелгеннен кейін салықтың асып кету сомасының қалдығын) қайтаруды салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша салық төлеушінің таңдауымен салық органы:
1) оның банктік шотына есепке жатқызу;
2) салықтардың басқа түрлеріне есепке жатқызу арқылы жүргізеді.
9. Салықтың қайтарылуға жататын асып кету сомасы салық органы осындай салықтың асып кету сомасын қайтаруға төлем құжатын жасаған күнгі жеке шоттағы салық бойынша асып кету сомасынан аспауға тиіс.
10. Салықтың асып кету сомасын қайтаруды жүргізу мерзімі бұзылған кезде салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұл сомасы салықтың асып кету сомасын қайтару күні салық төлеушінің банктік шотына аударуға жатады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген қолма-қол ақшаны бақылау шотында қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, салықтың асып кету сомасын уақтылы қайтармау сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.
11. Бұрын бюджеттен қайтарылған, бірақ кейіннен салықтық бақылау нәтижелері бойынша қайтарылуы расталмаған салықтың асып кету сомасы бюджеттен қайтарылған күннен бастап бюджетке есепке жатқызылған күнге дейінгі әрбір күн үшін өсімпұл есепке жазылып, салық төлеушінің бюджетке төлеуіне жатады.
Салықтың асып кету сомасының уақтылы қайтарылмауына байланысты төленген, бірақ кейіннен салықтық бақылау нәтижелері бойынша қайтарылуы расталмаған өсімпұл сомасы да бюджеттен қайтарылған күнінен бастап бюджетке есепке жатқызылған күнге дейінгі әрбір күн үшін өсімпұл есепке жазылып, салық төлеушінің бюджетке төлеуіне жатады.
12. Салық органы салықтың асып кету сомасын қайтару кезінде:
1) тақырыптық салықтық тексерулер жүргізеді;
2) салықтық тәуекелдерді басқару жүйесін қолданады;
3) "Өнім берушілер бойынша пирамида" талдамалық есебінің нәтижелерін пайдаланады;
4) салықтың қайтарылуға жататын асып кету сомасын айқындайды.
Салықтың асып кету сомасын қайтару тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Кодекс Республики Казахстан от 18 июля 2025 года № 214-VIII ЗРК.
Президент
Республики Казахстан
© 2012. РГП на ПХВ «Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан» Министерства юстиции Республики Казахстан
Конституция Закон Кодекс Норматив Указ Приказ Решение Постановление Адвокат Алматы Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация Гражданские Уголовные Административные дела споры Защита Арбитражные Юридическая компания Казахстан Адвокатская контора Судебные дела
__________________________
С 1 января 2026 года Признать утратившим силу Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) в связи введения в действие Налогового Кодекса от 18 июля 2025 года № 214-VIII ЗРК.
125-бап. Салық төлеуші (салық агенті) – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығарту Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Осы Кодекстiң 121-бабы 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген барлық шара қабылданғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салықтық берешек сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығарту туралы талап арызбен сотқа жүгінеді.
Сот шешімі бойынша оларды өтеу үшін жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығарту жүргізілетін салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді, сондай-ақ өсімпұлды, айыппұлдарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мерзімдері соттың жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы