⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-1-бап. Лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуға (өткізуге), лотерея терминалдарын орнатуға қойылатын талаптар Лотереялар және лотерея қызметі туралы Заңы

12-1-бап. Лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуға (өткізуге), лотерея терминалдарын орнатуға қойылатын талаптар Лотереялар және лотерея қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-1-бап. Лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуға (өткізуге), лотерея терминалдарын орнатуға қойылатын талаптар Лотереялар және лотерея қызметі туралы Заңы 

      1. Лотерея операторы лотерея билеттерін таратуды (өткізуді) дербес және (немесе) лотерея таратушы (агенті) арқылы жүзеге асырады. 

      2. Лотерея операторы электрондық лотерея билеттерін таратуды (өткізуді) өзінің ресми интернет-ресурсы және (немесе) лотерея мобильді қосымшасы арқылы дербес жүзеге асырады. 

      3. Лотерея билеттерін тарату (өткізу): 

      1) лотерея терминалдары; 

      2) стационарлық емес сауда объектілері; 

      3) Ұлттық пошта операторының пошта байланысы бөлімшелері; 

      4) лотерея операторының бөлімшелері (лотерея орталығы) арқылы жүзеге асырылады. 

       4. Мыналарда:  

      1) көппәтерлі тұрғын үйлерде, жатақханаларда; 

      2) білім беру ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста; 

      3) денсаулық сақтау ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста; 

      4) ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында); 

      5) мәдениет ұйымдары орналасқан жеке тұрған ғимараттар мен құрылысжайларда лотерея билеттерін таратуға, ал лотерея терминалдарын орнатуға болмайды. 

      5. Осы Заңда көзделгеннен басқа, өзгеше тәртіппен және тәсілдермен лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуға (өткізуге), лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салынады. 

      Ескертпу. 12-1-баппен толықтырылды – ҚР 08.07.2024 № 116-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 495-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы