⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Қордың мүлкі "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы Заңы

10-бап. Қордың мүлкі "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Қордың мүлкі "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы Заңы 

      1. Қордың мүлкі: 

      1) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар; 

      2) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-техникалық жұмыстарды және (немесе) қатысушылардың жобаларын жыл сайын қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындау шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы жіберген ақша; 

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды өткізуден және қызметтерді көрсетуден түскен түсімдер (кірістер); 

      4) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (кірістер, сыйақылар (мүдде); 

      4-1) бюджеттен нысаналы аударым; - ҚР Заңымен алынып тасталды. 

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптасады. 

      2. Алып тасталды – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      2-1. Қор қатысушылардың жобаларын жүргізілген сараптама  қорытындылары бойынша өз мүлкі есебінен қаржыландыру үшін айқындайды. 

      3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қор жер қойнауын пайдаланушыдан алған ақша тек қатысушылардың жобаларын қаржыландыруға ғана пайдаланылады. 

      Қор өз функцияларын жүзеге асыру үшін осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар жіберген ақша сомасының үштен аспайтын пайызын пайдаланады. 

      Бұл ретте Қор: 

      1) ақшаны жіберу үшін банк шотын ашады; 

      2) Қорға жер қойнауын пайдаланушылар жіберген ақшаның есебін әрбір жер қойнауын пайдаланушы бойынша жеке-жеке, сондай-ақ қатысушылардың жобаларын қаржыландыруға ақшаны пайдалану есебін жүргізуге міндетті. 

      Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ақша жіберген жер қойнауын пайдаланушының қатысушының жобасын іске асыру нәтижесінде алынған күзет құжатын, осындай жобаның нақты құнын оның қаржыландыру үлесіне барабар сатып алуға басқа тұлғалардың алдында басым құқығы болады. 

      3-1. Осы баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Қордың бюджеттен алған нысаналы аударымы: - ҚР Заңымен алынып тасталды. 

      1) Қордың бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталының елу пайызға дейінгі мөлшерін қоса қаржыландыру кезінде трансұлттық корпорациялардың қатысуымен технологиялық даму орталығы нысанында бірлескен кәсіпорындар құру; 

      2) Қордың шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысуы мақсатында пайдаланылады. 

      4. Қордың осы бапқа сәйкес қалыптастырылған мүлкі оған меншік құқығымен тиесілі болады. 

      5. Қор осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес қалыптастырылған мүлікті "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының және инновациялық кластердің қызметін қамтамасыз ету, жұмыс істеуі және оны дамыту, сондай-ақ қатысушылардың жобаларын қаржыландыру үшін пайдаланады. 

      6. Қор мүлкіне құрылтайшының мүліктік құқықтары болмайды. 

      Құрылтайшы Қордың міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал Қор құрылтайшының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 407-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ. 

      Осы Заң "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің құқықтық мәртебесін және "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын басқару ерекшеліктерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы