10-бап. Онлайн-платформалардағы дербес деректерді қорғау ерекшеліктері Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заңы
Онлайн-платформаның меншік иесі және (немесе) заңды өкілі онлайн-платформадағы дербес деректерді қорғау мақсатында:
1) пайдаланушыларды тіркеу аяқталғанға дейін оларды онлайн-платформаның құпиялылық саясатымен таныстырады;
2) дербес деректердің тұтастығын, сақталуын және құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етеді;
3) пайдаланушының немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз дербес деректердің таралуына жол бермейді;
4) пайдаланушының дербес деректерінің құпиялылығы бұзылған жағдайда оны дереу хабардар етеді;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін онлайн-платформаларға байланысты қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-жарнаманы жасау, орналастыру, тарату және сақтау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы