⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңы 

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

      1) биологиялық туынды шикізат – биологиялық туынды, оның ішінде биохимиялық құрамдас бөліктерге ыдырайтын және биоотын өндіру үшін пайдаланылатын өнімдер; 

      2) биоотын – биологиялық туынды шикізатты қайта өңдеу арқылы алынған отын, оның ішінде биоэтанол; 

      3) биоотын айналымы – биоотынды әкелуді (импорт) және әкетуді (экспорт) қоса алғанда, биоотынды өткізу (сату немесе беру) процестері (кезеңдері), сондай-ақ олармен байланысты құю, таңбалау, сақтау және тасымалдау процестері; 

      4) биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган – биоотын айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 

      5) биоотынды кәдеге жарату – арналған мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз биоотынды және биоотын өндірісінің қосалқы өнімдерін қажетті сападағы биоотынға немесе басқа өнімге айналдыратын технологиялық өңдеу; 

      6) биоотын өндіретін зауыт – шикізатты биоотын етіп қайта өңдеуге арналған мамандандырылған ғимарат; 

      7) биоотын өндіру – биоотын алуды қамтамасыз ететін шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар кешені; 

      8) биоотын өндіруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биоотын өндірісін және айналымын жүзеге асыратын заңды тұлға; 

      9) биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган – биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 

      10) биоэтанол – биологиялық туынды шикізаттан өндірілген, міндетті түрде мұнай өнімдерімен араластыруға немесе отын құрамдастарын, октан арттырғыш қосындыларды, отын қоспаларын, эфирлерді, сондай-ақ биоотынның басқа түрін өндіру мақсатында пайдалануға немесе химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндіру мақсатында пайдалануға арналған дегидратталған этил спирті; 

      11) дегидратталған этил спирті – сусыздандыру процесінен өткізілген, құрамындағы су үлесі бір пайыздан аспайтын этил спирті; 

      12) денатуратталған биоэтанол – тамақ өнімі немесе тамақ өніміне қоспа ретінде пайдалануға мүмкіндік бермейтін қасиеттер беру мақсатында химиялық заттармен араластыру процесінен өткізілген дегидратталған этил спирті; 

      13) өндіріс паспорты – биоотын өндіретін зауыттың өндірістік қуаттарының көрсеткіштерін, оның негізгі сипаттамаларын көрсететін, биоотын өндірісінің технологиялық процесінің сақталуы үшін қолда бар жабдықтардың пайдаланылуын регламенттейтін, белгіленген нысандағы құжат; 

      14) тамақ шикізаты – тамақ өнімдерін және биоотынды өндіру үшін жарамды биологиялық туынды шикізат түрі; 

      15) тауарларға ілеспе жүкқұжат – биоотынды босату мен қабылдау жөніндегі операцияларды ресімдеу үшін қажетті біріздендірілген құжат. 

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы № 351-IV Заңы. 

      Осы Заң биоотын өндірісі және айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы