34-2-бап. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай цифрлық жүйе Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы
1. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай цифрлық жүйе археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері туралы деректерді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
2. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай цифрлық жүйенің міндеттері мыналар болып табылады:
1) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері және оларды зерттеу мен сақтау нәтижелері туралы деректерді жинау, жүйелеу, цифрлау, сақтау;
2) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтерді жинау және жүйелеу;
3) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауға, зерттеуге және сақтауға жәрдемдесу.
3. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай цифрлық жүйені қалыптастыру көздері мыналар болып табылады:
1) бейне-, фото- және баспа өнімдері;
2) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері туралы мәліметтерді қамтитын баспа және қолжазба мәтіндері;
3) археология ескерткіштерінің паспорттары, қорғау міндеттемелері, оларды қорғау аймақтарын айқындау туралы шешімдер;
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы авторефераттар, диссертациялар, есептер;
5) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерімен байланысты басқа да материалдар.
4. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай цифрлық жүйе:
1) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізілімін;
2) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімін;
3) осы Заңға сәйкес археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуына жауапты жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтерді;
4) тарихи-мәдени сараптама қорытындыларын;
5) осы баптың 3-тармағында көрсетілген қалыптастыру көздерінің базасында қалыптастырылған деректерді қамтиды.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы