1068-бап. Мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Егер мұра қалдырушымен бiрге тұрғандығына немесе тұрмағандығына қарамастан, мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кемiнде бiр жыл оның асырауында болса, осы Кодекстiң 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетiлген, заң бойынша мұрагерлерге жататын, мұраның ашылу күнiне дейiн еңбекке жарамсыз болған, бiрақ мұрагерлiкке шақырылатын кезектегi мұрагерлердiң тобына кiрмейтiн азаматтар заң бойынша осы кезектегi мұрагерлермен бiрге және тең мұра алады.
2. Осы Кодекстің 1061, 1062, 1063, 1064-баптарында аталған мұрагерлер тобына кірмейтін, бірақ мұраның ашылу күніне еңбекке жарамсыз болып табылған және мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейін кемінде бір жыл оның асырауында болған және онымен бірге тұрған заң бойынша мұрагерлер мұрагер болуға шақырылатын кезектегi мұрагерлермен бiрге және тең мұра алады.
Заң бойынша басқа мұрагер болмаған кезде осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар сегiзiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде өз бетiнше мұра алады.
Ескерту. 1068-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.01.12. № 225 Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы