Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 274-бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

274-бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

274-бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

1. Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату –

      бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

      1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

      2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

      3) масс-медианы немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет –

      үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –

      бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:

      1) қылмыстық топ жасаған;

      2) төтенше жағдай кезінде немесе ұрыс жағдайында немесе соғыс уақытында не жария іс-шаралар өткізу кезінде жасалған іс-әрекеттер –

      үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың

нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін және беделге нұқсан келтіретін ауыр қылмыс жасады деген айыппен байланысты көрінеу жалған мәліметтерді тарату

Ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін және беделге нұқсан келтіретін ауыр қылмыс жасады деген айыппен байланысты көрінеу жалған мәліметтерді таратуАлматы қаласы Алмалы...

Толық оқу »

104-бап. Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

104-бап. Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Кандидаттар, саяси партия...

Толық оқу »

Мақалаға түсініктеме 104-бап. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кандидаттары, саяси партиялары туралы көрінеу жалған мәліметтерді тарату

Мақалаға түсініктеме 104-бап. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кандидаттары, саяси партиялары туралы көрінеу жалған мәліметтерді тарату Ка...

Толық оқу »

Тарату көрінеу жалған мәліметтер | Ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәлімдемелер | іскерлік беделге нұқсан келтіру

Тарату көрінеу жалған мәліметтер | Ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәлімдемелер | іскерлік беделге нұқсан келтіру2019 жылғы 20 қаңтарда шамамен 4 сағат 00 минут...

Толық оқу »

456-2-бап. Жалған ақпаратты, құқыққа қайшы контентті орналастыру, тарату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

 456-2-бап. Жалған ақпаратты, құқыққа қайшы контентті орналастыру, тарату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Масс-медиада, ақпарат иеле...

Толық оқу »