143-бап. Ұстап алынған, күзетпен қамауға алынған, арнаулы мекемелерге орналастырылған, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі
1. Ұстап алынған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары айқындайтын тәртіппен көрсетіледі.
2. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен көрсетіледі.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдар осы Кодекстің 134-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті алу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады.
4. Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, ұстап алынған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес және көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.
Ескерту. 143-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы