Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Бланки / Қарсы пікірге толықтырулар мен өзгертлерер қаражатты өндіру туралы талап арызға

Қарсы пікірге толықтырулар мен өзгертлерер қаражатты өндіру туралы талап арызға

Қарсы пікірге толықтырулар мен өзгертлерер қаражатты өндіру туралы талап арызға

 

Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 сотына

Судья Бекбосынова Сара Бакибекқызына

Алматы қаласы, Қуанышбаева көш., 44-А, "2" ы/а.

8 (727) 333-11-99 (кіріс кеңсе), кеңсесі 8 (727)333-12-03

Жауапкер: К.С.Т.

ЖСН ......

Алматы қ., А.-1, 21үй, 34 пәтер.

+7 701 .

Сенімхат бойынша өкіл: адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі

ЖСН 201240021767.

Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, 

Алмалы ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

e-mail: info@zakonpravo.kz сайт: www.zakonpravo.kz

тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.

 

Қарсы пікірге

толықтырулар мен өзгертлерер

қаражатты өндіру туралы талап арызға

 

Сіздің өндірісіңізде талап қоюшы азамат М.К.А. (бұдан әрі – азаматтық талапкер) азамат К.С.Т.н (бұдан әрі – азаматтық жауапкер) ақшалай қаражатты өндіру туралы талап қоюы бойынша №7540-24-00-2/3415 азаматтық ісі  қаралуда.

Талапкер өзінің Талап арызымен Жауапкерден өзінің пайдасына 3 000 000 теңге қаражатты, өкіл қызметіне төленген 200 000 теңгені, нотариус қызметіне төленген 28 539 теңгені, 30 000 теңге мемлекеттік бажды өндіруді сұрап жатыр.

ҚР Азаматтық кодексінің 8 - бабының 4-бөлігіне сәйкес азаматтар   өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге асыру кезінде адал, ақылға қонымды және әділ әрекет етуі керек, заңнамада қамтылған талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, ал кәсіпкерлер-Іскерлік этика ережелерін сақтауы керек. Бұл міндетті алып тастауға немесе шартпен шектеуге болмайды. Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың адалдығы, парасаттылығы және іс-әрекеттерінің әділдігіне  басымдылық беріледі.

Аталған нормаға сүйене отырып Талапкердің талап аразымен төмендегі көрсетілген негіздер бойынша келіспейміз:

Талапкер өзінің талап арызында 09 қазан 2023 жылы Талапкер мен Жаупкер  арасында болған ауызша мәміле бойынша Талапкер 3 320 жәшік (21 810 кг) жүзім мен 450 жәшік (1670 кг) анар өнімдерін (бұдан әрі - Тауар) Жауапкерге сатуға, ал Жауапкер С.К. аталған тауардың ақысы ретінде К.М. 7 000 000 теңге қаражат беруге міндеттенген - деп жазылыпты.

        - Аталған Талапкердің уәжімен келісе алмаймыз:

Біріншіден жоғарыда көрсетілген қатынастар ҚР АК 147,151,152,153 және 683 -баптарына сәйкес келмейді деп есептейміз онда;

Талапкермен Жаупкер арасындағы қарым қатынастар ҚР АК 683-бабында көрсетілгендей Өтелмелi қызмет көрсету шартатры қатарына жатқызуға болады деп есептейміз онда Өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгiлi бiр iс-әрекет жасауға немесе белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыруға) мiндеттенедi, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге мiндеттенедi.

ҚР АК 147-бабында «Мәмiле ұғымы» көрсетілген онда Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.

           ҚР АК 151 бабы 1, 2 және 5 тармақтарына сәйкес Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады.

Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады.

Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.

ҚР АК Мәмiленiң жазбаша түрi 152 бабының  1,2 және 3 тармақтарына сәйкес айқындалады.

Мынадай мәмiлелер:

Егер мәмiлелердiң жекелеген түрлерi үшiн заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан туындамаса, мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, кәсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асырылатын;

мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, бір жүз айлық есептiк көрсеткiш жоғары сомаға;

заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуға тиiс.

ҚР АК 153 1,2 тармақтарына сәйкес Мәмiленiң жай жазбаша нысанын сақтамау дау болған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады.

Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келiсiмiнде тiкелей көрсетiлген жағдайларда мәмiленiң жай жазбаша нысаны сақталмаған кезде мәміле маңызсыз болып саналады.

 

Жауапкер сауда саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді ол үшінші топтағы мүгедек бола тұра Талапкер алдында міндетемелерін арындаймын деп күндіз түні жұмыс жасап арадағы ауызша келісім толығымен арындады алайда Талапкер өз құқықтарын асыра пайдаланып аманатқа қиянат жасап отыр деп есемптейміз.

Екіншіден Талапкер мен Жауапкер арасында болған ауызша мәміле бойынша Талапкер тез бұзылатын тағамдар қатарына жататын тауарын ұзақ уақыт бойы өзі сата алмағандықтан, тауардың сапасы өте төмен екендігін біле тұра, Жауапкердің бұлсаладағы тәжрибесіне сүйене отрып Жауапкердің көмегіне жүгінген. Талапкер, Жауапкерден келесі 3320 жәшік (21 810 кг) жүзім мен 450 жәшік (1670 кг) анар өнімдерін = 23 480 кг так қана нарықтық бағасымен сатып беруге келісілген. Аталған тауарды Жауапкер бас аяғы рекордты 16 -17 күнде сатып берген;

Үшіншіден Аталған тауарды нарықтық баға сатылымнан қанша ақша өндіріледі сол қаражаттан Жауапкердің ақысы ретінде 1 кг сатылған тауарға 100 тенге (10%) еңбекақысы = 2 348 000 тенге, Базар ақысы және т.б шығыстарды есептеп шегріп беруге келіскен Оған дәлель Жаупкердің Талапкеркге жіберген дыбыстық хабарламасы дәлел Пікірге Қосымша (Жаупкердің Дыбыстық хабарламасы Талапкеркге (1).    

Төртіншіден Аталған тауардың сапасының өте төмен болуы ол Иран Республикасынан келіп біздің Батыс Қазақыстанда біріаз уақыт боый сатылмай тұрған одан ол тауар Астана қаласында да сата алмаған солай ол Алматы қаласына келіп жарым жартылай сатылып қайта Астана қаласына барып сатылып одан қалғаны Қарағанды қаласында толығымен сатылып біткен.

ҚР АІЖК-нің 68, 72-баптарына сәйкес әрбір Тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс, әрбір дәлелдеме салыстырмалылық, жол беріктік, шынайылық ескеріле отырып бағалауға жатады.

Талапкер өзінің талап арызында Талапкер Scania маркалы м/б: 946 ABV 09 санды жүк көлігі  және м/б: 03 ABL 09 санды тіркеме арқылы тауарды Астана қаласынан Алматы қаласына жауапкерге жөнелткен. Және Келісім бойынша тауарды жеткізу үшін жүк көлігінің қызметіне төленетін қаражатты төлеуді де С.Кумисбаев өз міндетіне алған.

             - Аталған Талапкердің уәжімен келіспейміз өйткені аузша келісім бойынша Жаупкер таурды тек сатыпберуге ғана келіскен, тауарды Алтын орда базарына жеткізу немесе Астана, Қарағанды қалаларына жеткізу бойынша жол ақысын төлеуге сөзде келісімде болған жоқ. Жол ақысы міндеттемелерін толық Талапкер өз мойныны алған.

 

Талапкер өзінің талап арызында С.К. тауардың ақысын 10 қазан - 15 қазан 2023 жыл аралығында өтейтінін, бұл уақыт аралығында тауарды сатып жіберетінін айтқан. Осыған орай, К.М. 15 қазан 2023 жылға дейін Алматы қаласында болып, тауардың ақысын беруін күткен.

  - Аталған Талапкердің уәжімен келіспейміз өйткені аузша келісім бойынша таурды сату уақыты мен мерзімі келісілмеген еді нарыққа сай тауар қанша уақытта сатылады сонша күтесіз деген келісімге келген болатын тараптар. Алайда Жауапкер тауарды барынша жылдам сатудың амал әрекеттерін жасаған оған дәлел таурдың кейбір мөлшерін Астана, Қарағанды қалаларында сатылуы дәлел.

 

Талапкер өзінің талап арызында К.М. пен С.К. арасында Whats App желісі арқылы болған хат алмасуларға сәйкес: 

17 қазан 2023 жылы С.К. К.М. ұялы телефонына Whats App желісі арқылы хабарлама жолдап, 11 қазан – 17 қазан 2023 жыл аралығында сатылған тауардың есебін тіркеген.

Аталған есеп бойынша, С.К. 17 қазан 2023 жылғы жағдай бойынша, тауарды сату арқылы 4 131 000 теңге қаражат тапқаны көрсетілген.

  - Аталған Талапкердің уәжімен келіспейміз өйткені 4 131 000 теңге 11 қазан мен  17 қазан 2023 жыл аралығында Алматы қаласында сатылған тауардың жалпы сомасы сатылған таурадың таза табысы емес осы мәселеге көңіл болуіңізді сұраймын.

Жауапкермен Талапкердің арасында Whats App желісі арқылы болған хат алмасуларына мұқият үңілсек 2023 жыл 17 қазан (17 окт 2023 г) күні сағат 15:35 те Жауапкер өзінің Whats App желі нөмірінен Талапкерге сатылған 4 131 000 тенге таураының шығындарын атап өткен және сол күні Жаупкер Whats App желісі арқылы Талапкерге жіберген дыбыстық хабарламасы дәлел (№1 Қосымша Жаупкердің Дыбыстық хабарламасы Талапкеркге (3) және №1 Қосымша Скрин Расходов по 4 131 000 тг). Талпкерге жіберілген құжатпен дыбыстық хабарламаны қарасақ онда 4 131 000 тенгеден:

Расход 11/10/2023 жыл:

 – 17 500 тенге  Фура место;

– 15 000 тенге Грузщиктерге;

= 32 500.

Расход 12/10/2023 жыл:

-        15 000 тенге Места;

-        15 000 тенге Грузщиктерге;

= 30 000 тенге.

Расход 13/10/2023 жыл:

-        15 000 тенге Места;

-        22 000 тенге Грузщиктерге;

-        35 000 тенге Грузщиктерге;

-        150 000 тенге Шафёр (Машина);

-        10 000 тенге Общее тачка (Араба);

= 232 000 тенге.

Расход 14/10/2023 жыл:

-        15 000 тенге Места;

-        15 000 тенге Грузщиктерге;

= 30 000 тенге.

Расход 15/10/2023 жыл:

-        15 000 тенге Места;

-        15 000 тенге Грузщиктерге;

-        520 000 тенге Фура.

= 550 000 тенге.

874 500 тенге расход.  

Талапкер өзінің талап арызында К.М. пен С.К. арасында Whats App желісі арқылы болған хат алмасуларға сәйкес: 

27 қазан 2023 жылы С.К. Қарағандыға жолдаған тауарды сату арқылы 2 111 400 теңге қаражат тапқанын хабарлаған.

  - Аталған Талапкердің уәжімен келіспейміз өйткені 2 111 400 теңге    Қарағанды қаласында сатылған тауардың жалпы сомасы сатылған таурадың таза табысы емес осы мәселеге назар аудару қажет.

Жауапкермен Талапкердің арасында Whats App желісі арқылы болған хат алмасуларына мұқият үңілсек 2023 жыл 27 қазан күні (27 окт 2023 г) сағат 05:29 да Жауапкер өзінің Whats App желі нөмірінен Талапкерге сатылған 2 111 400 тенге таураының шығындарын атап өткен (№2 Қосымша Скрин Расходов по 2 111 400 тг (1)). Талпкерге жіберілген құжатты зерттесек онда 2 111 400 тенгеден:

Расход 26/10/2023 жыл:

 Общ отчет: Виноград:

Количество – 1510 ящик;

Чистый вес – 8761 килограм;

Общая сумма – 2 111 400 тенге;

– 117 400 тенге Расход за 5 дней;

– 32 000 тенге - Перегруз;

-        140 000 тенге -Шафер;

-        175 000 тенге Зарпалата;

= 464 400 тенге расход.  

Талапкер өзінің талап арызында К.М. пен С.К. арасында Whats App желісі арқылы болған хат алмасуларға сәйкес: 

 05 қараша 2023 жылы С.К. Алматы қаласындағы тауарды сату арқылы 1 788 400 теңге қаражат тапқанын хабарлаған.

  - Аталған Талапкердің уәжімен келіспейміз өйткені 1 788 400 теңге    Астана қаласында сатылған тауардың жалпы сомасы сатылған таурадың таза табысы еместігіне назар аудару қажет.

Жауапкермен Талапкердің арасында Whats App желісі арқылы болған хат алмасуларына мұқият үңілсек 2023 жыл 05 қараша күні (05 нояб 2023 г) сағат 18:47 да Жауапкер өзінің Whats App желі нөмірінен Талапкерге сатылған 1 788 400 тенге таураының шығындарын атап өткен (№3 Қосымша Скрин Расходов по 1 788 400 тг). Талпкерге жіберілген құжатты зерттесек онда 1 788 400 тенгеден:

Расход 15/10/2023 жыл Винаград Алматы Саттар:

Гранат 140   518,5  =   254 300 тенге;

Виноград 505    3100,6  =   1 534 100 тенге;

=1 788 400 тенге – Общее;

-        82 000 тенге Расходы базар;

-        330 000 тенге Водитель;

-        70 000 тенге Услуга;

= 482 000 тенге расход.  

Жалпы расход = 1 820 900 тенге (Базар, Водитель, Услуга, Шафер, Зарпалата, Места, Грузщиктерге, Фура, Араба)

Талапкер өзінің талап арызында өзімен Жауапкер арасында Whats App желісі арқылы болған хат алмасуларға сәйкес келесідей аударымдардың жасалғанын атап өтуде. Онда Жаупкер тарпынан аударылған төлемдер бойынша,

-        1 000 000 (бір миллион) теңге 15 қазан 2023 жылы

-        1 000 000 (бір миллион) теңге 19 қазан 2023 жылы;

-        500 000 (бес жүз мың) теңге 30 қазан 2023 жылы;

-        500 000 (бес жүз мың) теңге 09 қараша 2023 жылы;

-        500 000 (бес жүз мың) теңге 31 желтоқсан 2023 жылы;

-        500 000 (бес жүз мың) теңге 05 қаңтар 2024 жылы;

барлығы 4 000 000 теңге қаражат ғана аударғанын ғана көрсеткен. Алайда Талапкер тағы бір аударымды ескермеген

- 200 000 (екі жүз мың) тенге. (№4 Қосымша Скрин Каспи аударымы 200 000 тенге).

           Аталған уәждерімізді қорытындыласақ келесідей есепке келуге болады аталған тауардың нарықтық баға сатылымынан бас аяғы 4 131 000+2 111 400+1 788 400 = 8 030 000 тенге түскен

- 4 000 000 тенге қаражатын Талапкер алған ол бойынша дау айтылып жатқан жоқ;

- 1 820 900 тенге Жалпы расход (Базар, Водитель, Услуга, Шафер, Зарпалата, Места, Грузщиктерге, Фура, Араба)

- 200 000 тенге Талапкермен есептелінбеген қосымша аударым;

- 2 348 000 тенге Жаупкердің еңбек ақысы.

= - 338 900 тенге Талапкер қарызбен шығып отыр.

           Жоғарыда аталғанды тергеп тесксріп келер болсақ бүгінгі таңда Талапкердің 338 900 тенге Жауапкер алдында берешегін көруге болады.

ҚР АК 272-бабына сәйкес міндеттеме шарттары мен заңнама талаптарына сәйкес, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған кезде - іскерлік айналым әдет-ғұрыптарына немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес тиісінше орындалуы тиіс.

Сондай-ақ, Талапкер өз іс әрекетімен ҚР АК 8-бабының 4-бөлімінде көзделген адалдық, парасаттылық және әділдік талаптарын өрескель бұзып отыр деп есептейміз.

АІЖК-нің 8-бабына сәйкес әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарды, бостандықтарды немесе қорғалатын мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.

ҚР АІЖК-нің 15-бабына сәйкес тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз ұстанымын, оны қорғаудың тәсілдері мен құралдарын дербес және сол дәлелдемелерді сотқа ұсына алады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабына сәйкес әркімнің өзінің бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға құқығы бар.

ҚР АПК 113-бабына сай Сот пайдасына шешім шығарылған тараптың өтінішхаты бойынша процеске қатысқан және осы тараппен еңбек қатынастарында тұрмаған өкілдің (бірнеше өкілдің) көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарын тараптың іс жүзінде жұмсаған шығыстары мөлшерінде басқа тараптан алып береді - делінген.

Мүліктік талаптар бойынша осы шығыстардың жалпы сомасы талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс. Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша шығыстар сомасы ақылға қонымды шектерде өндіріліп алынады, бірақ ол үш жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

Аталған бапқа сүйене Жаупкер «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесіне заң көмегін алуға жүгініп №1106/24 келісім шартын жасасып кеңсенің жеке шотына 300 000 тенге төледі. Оған дәлел Келісім шарт және Каспи пэй қосымшасының берген түбіртегі.

ҚР АПК-нің 166 бабына сай, жауапкер талап қоюға қатысты дәлелдерді теріске шығаратын құжаттарды, сондай-ақ пікірдің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, талап қою арызына пікірді сотқа ұсынады.

Жоғарыда көрсетілгендер негізінде ҚР АПК-нің 166 бабына сай келесіні,

Соттан сұраймыз:

·       Азаматтық талапкер М.К.А. талап арызын толығымен – қанағаттандырусыз қалдыруды;

·       Талапкерден, Жауапкердің пайдасына адвокаттың көмегі үшін төленген  300 000 тенгені – өндіруді.

 

Құрметпен,

Жауапкер:                                                       К.С.Т. 

Сенімхат бойынша өкіл:                             Саржанов Г. Т.

  

Внимание!   

       Адвокатская контора Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши адвокаты готовы оказать вам помощь в юридической консультации,  составлении любого правового документа, подходящего именно под вашу ситуацию.   

     Для  подробной информаций свяжитесь с Адвокатом / Юристом, по телефону; +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.  

      Адвокат Алматы Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация  Гражданские Уголовные Административные дела споры Арбитражные Юридическая компания Казахстан контора Судебные дела 

Скачать документ